Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Назар аударыңыз: туберкулез туралы ақпарат!

Назар аударыңыз: туберкулез туралы ақпарат!

19 Желтоқсан 2018

2018 жылдың 12 және 13 желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Жалпы медицина» мамандығының 1 және 2 курс студенттері үшін «Назар аударыңыз: туберкулез туралы қандай ақапаратты білу керек!» деген диспут-презентация өткізілді.   

Аталған іс-шараны Медицина мектебі мен Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы ұйымдастырды. Басты орындаушылар 1 және 2 курс студенттері, фтизиатр кафедрасының ассистенттері З.Ж.Джаксыбекова, Л.М.Арапова болды. 

Іс-шара туберкулезді, ауыру себептерді, алдын ала емдеуді, тарихи шындықтар  туралы фильмді көрсетуден басталды. Содан қатысушылар медицинада ғылыми жаңалықтардың пайдасы туралы, туберкулез сияқты қауіпті сырқаттардың себебі мен зардабы туралы, оның қазіргі жағдайда қаншалықты жазылатыны, тәуекел факторы туралы талқылады. 

Іс-шараның соңғы 10 минутында жоғарыда айтылғанның барлығын қорыту үшін, қатысушылардың назарына кафедра қызметкерлері құрастырған талқыланған тақырыпқа қатысты слайдтар, басты ережелерін ұсынылды.

Болған  жағдай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылғанына 25 жыл толуына байланысты – Туберкулезбен дүниежүзілік күресу күніне арналған және төменгі курс студенттеріне қауіпті сырқат, ауру беглісі, алдын-ала емдеу туралы уақытылы ақпарат алуға бағытталған. 

Қорытындысында студенттер оқытушыларға, Медицина мектебінің өкілдеріне қызықты өткізілген пікірталасқа және пайдалы ақпарат алғандарына алғыс білдірді

Л.М.Арапова, Э және ЖА кафедрасының ассистенті


0
2925

пікірлер

пікір қалдыру үшін.