Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алдын алу – қауіпсіздік кепілі!

Алдын алу – қауіпсіздік кепілі!

19 Желтоқсан 2018

2018 жылдың 10 желтоқсанында  ҚММУ-де университет мектептерінің 1 курс топ старосталарының  «Қарағанды облысының дін істері басқармасы»  ММ бас маманы Н. В. Сәрсенбаевпен және «Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының»  КММ инспекторы Б.Е.Күзекбаймен кездесуі ұйымдастырылды. 

Түсіндіру әңгіме түрінде өткізілген кездесу барысында шақырылған мамандар қатысушыларды дін саласындағы қолданыстағы заңнаманы сақтау қажеттілігі туралы хабардар етті, нақты мысалдарда экстремистік іс-әрекеттер жасағаны үшін жазалаудың бұлтартпастығын көрсетті. Азаматтардың әр түрлі маскалар мен атауларды жаба отырып, жаңа адепттерді өз қатарына тартуды жалғастыра беретін теріс пиғылды экстремистік жалған діни бірлестіктердің ықпалына түсуінің алдын алуына ерекше назар аударылды. 

ҚР «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес аудиторияға «діни экстремизм» ұғымы түсіндірілді, оның негізінде келесі негізгі қорытынды жасалды: егер адам құқықтары мен бостандықтарына немесе қоғамға жалпы зиян келтірілсе, қауіпсіздікке, өмірге, денсаулыққа, имандылыққа қатер төндіретін кез келген діни практиканы қолдану салдарынан құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Іс-шара аясында Интернет ортасында, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде экстремистік идеологияның таралу қаупі, экстремистік идеяларды тарту және қабылдау жолдары қарастырылды, сондай - ақ діни мәселелер мәселелері бойынша 8(7212) 30-06-86 және террористік қауіп-қатерлер туралы ескерту үшін «110» нөмірі ұсынылды.

Іс-шара диалог форматында пікір алмасумен аяқталды.


0
2687

пікірлер

пікір қалдыру үшін.