Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Лунд университетінде (Швеция) ҚММУ оқытушыларының академиялық ұтқырлығы

Лунд университетінде (Швеция) ҚММУ оқытушыларының академиялық ұтқырлығы

12 Желтоқсан 2018

Ағымдағы жылдың 4 қарашасынан 4 желтоқсанына дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша информатика және биостатистика кафедрасының доценті К.Е. Мхитарян, биология кафедрасының аға ғылыми қызметкері А.А. Кельмялене, микробиология кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Николаева, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушылары О.К. Жамантаев және Ж.Е. Болатова Швециядағы Лунд қаласының университетіне тағылымдамаға жіберілді.

Лунд университетінің көп ғасырлық тарихы бар және Швецияның ең көне университеттерінің бірі болып табылады. Университетте Швециядан және әлемнің әртүрлі елдерінен шамамен 25 мың студент білім алуда. Тәжірибе барысында ҚММУ қызметкерлері LTH, CMES, БМС биомедициналық орталығында әріптестерінің жұмысымен танысты. ҚММУ қызметкерлері жоғары медициналық мектепте бакалаврларға арналған оқу процесінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылуы туралы ақпарат алды, ғылыми жарияланымдарды жазу үшін ақпараттарды талдады. Екі университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасу нәтижесінде жинақталған ақпараттық мәліметтерді талдай отырып, бакалаврлар үшін ағылшын тілінде эпидемиология бойынша оқу құралын құрудағы жоғары мотивациялық әлеуетті атап өткіміз келеді.

Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен Лунд университеті (Швеция) гидротехниканың постдокторанты Камшат Түсіповаға осы бағдарламаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғыс білдіргіміз келеді. Бұл ұтқырлық қызықты ақпарат алуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа бірлескен бағдарламалар мен жобаларды құруға да мүмкіндік береді.

К.Э. Мхитарян, информатика және биостатистика кафедрасының доценті,

А. А. Кельмялене, биология кафедрасының аға ғылыми қызметкері,

А. Б. Николаева, микробиология кафедрасының аға оқытушысы,

О. К. Жамантаев, Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы, Ж. Е. Болатова, Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы


0
3119

пікірлер

пікір қалдыру үшін.