Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Өз АИТВ-статусыңды біл!

Өз АИТВ-статусыңды біл!

06 Желтоқсан 2018

2018 жылдың 29 қарашасында Облыстық аллергологиялық орталық базасында клиникалық иммунология, аллергология және микробиология кафедрасының қызметкерлері, «аллергология және иммунология, оның ішінде балалар аурулары» мамандығының бірінші және екінші оқу жылының резиденттері «Жалпы медицина» мамандығының 2-015, 2-017, 2-018, 2-020 топ студенттерімен бірлесіп, «өз АИТВ-статусыныңды біл» атты АИТВ-ның алдын алуға арналған семинар өткізілді.

Семинарда ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегіҚарағанды облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Кудрякова И. Н. спикер болып сөз сөйледі. Ол аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды баяндай келе, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні және оның пайда болу тарихы төңірегінде тақырып қозғады. Маман медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар семинар материалдарын 2-015 топ студенттері ұйымдастырған викторинамен бекітті. Викторинада қатысушылар семинар материалын қамтыған түрлі теоритикалық сұрақтарға жауап берді: осы аурудың этиологиясы, патогенезі, диагностикасы мен науқастар емінің заманауи көзқарастары, осы күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған АИТВ-мен ауыратын адамдарды кемсіту туралы мәселелерді қозғады.

Соңында викторина жеңімпаздарына клиникалық иммунология, аллергология және микробиология кафедрасының атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Клиникалық иммунология, аллергология және микробиология кафедрасы

Аллерголог-иммунолог резиденттері


0
3017

пікірлер

пікір қалдыру үшін.