Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Абуали ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің академиялық ұтқырлығы туралы

Абуали ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің академиялық ұтқырлығы туралы

05 Желтоқсан 2018

2018 жылдық 05-16 қараша мерзімі аралығына Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті  Серғалиев Талғат Советович Абуали ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетіне «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында жіберілді.

Серғалиев Т.С.  универтитетте болған кезде Душанбе қаласының Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының медицина және стоматология факультетінің төртінші курс студенттеріне дәріс оқыды және тәжірибелік сабақ жүргізді. Оқылған дәрістердің тақырыптары:  «Денсаулық сақтау экономикасы», «Тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру», «Ішкі шаруашылық ігіндегі механизм», «Медициналық қызметті төлеу әдістері», «Медициналық қызметкерлерге дифференциалдық әдіспен төлеу».

Серғалиев Т.С. тәжірибе алмасу шеңберінде «Стоматология» мамандығының 4 курс студенттеріне проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясы бойынша УЕЖ   ауруларын талдау»,  «Денсаулық сақтау саласының экономикасы туралы жалпы түсінік» тақырыбында TBL әдіснамасы бойынша сабақтар өткізді. 


0
3053

пікірлер

пікір қалдыру үшін.