Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «адал кафетерий» пайда болды

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «адал кафетерий» пайда болды

27 Қараша 2018

«Адалдық аумағы» жалпыреспубликалық акциясы аясында Қарағанды медицина университетінде ашылған жайлы кафетерий адал сатып алу кеңістігі болып жарияланды. Мұнда студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер сатып алуды таңдап, кассада ақша қалдырып, қажет болған жағдайда қайтарымды өздері сол жерден алады. Сатып алу-сату үрдісі сатушының қатысуынсыз өтеді. Сөрелерге университеттің қоғамдық тамақтану комбинаты шығарған нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер қойылды, сонымен қатар түрлі сусындар, шырындар, басқа да азық-түлік өнімдері ұсынылады. Айта кету керек, кафетерий тұрақты негізде жұмыс істейтін болады.  ЖОО студенттерінің айтуынша, бұл - тамаша бастама: енді әркім өзін адалдыққа тексере алады, бұл кез келген алдауға адамгершілік пен нөлдік төзімділікті тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев және Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов кафетерийге алғаш рет келушілердің бірі болды.

  Жоғары қонақтардың сапары бағдарламасында ҚММУ студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысу болды. Қонақтар жоғары оқу орнының қызметкерлері мен оқытушыларымен тікелей байланысты болдырмайтын, білім алушылардың өтініштерін, сұраныстарын өңдеудің жақсы жөнделген сандық жүйесін қанағаттанушылықпен атап өтті. Жүйе мүлдем ашық, кез келген мобильді құрылғыдан қол жетімді.

  Қарағанды медицина университеті қарым-қатынас нормасы және мамандарды дайындау сапасының маңызды өлшемі ретінде адалдықты бекіту бойынша мақсатты жұмысты жалғастырады.

 


0
3756

пікірлер

пікір қалдыру үшін.