Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Нашақорлықтың алдын алу

Нашақорлықтың алдын алу

27 Қараша 2018

  20 қараша күні Жастармен жұмыс жасау бөлімі,  «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығының белсенділерімен және «Үміт» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де есірткі мен психотроптық заттарды пайдаланудың алдын алуға арналған семинар өткізді.

  Іс-шараға қатысушылар: Атыгаева Зарина, Катьетова Дана, Жақсылық Мұхіт, Байспаева Тамара және Джумагалиев Ондас. Олар семинар аясында ҚарМУ тарих факультетінің студенттеріне есірткі мен психобелсенді заттарды қолданудың зияны туралы, НС және САЖ таралуына қарсы күрестің заманауи әдістерін талқылады және жиналған студенттерге жастар арасында және әсіресе жасөспірімдерде танымал болып табылатын шылым шегу мен тыныс қоспаларының теріс әсерін айқын көрсететін бейнежазбалар көрсетті.

  Іс-шараның соңында факультет басшылығы  орталықтың қатысушыларына ақпаратты акция үшін алғысын білдірді, сондай-ақ бұл кездесулердің форматы жастар үшін пайдалы болатынын және сөзсіз жеміс беретініне сенім білдірді.

Ондас Джумагалиев

  «Жұлдыз» ЖДО жетекшісі


0
3308

пікірлер

пікір қалдыру үшін.