Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Телекөпір ынтымақтастық нысаны ретінде

Телекөпір ынтымақтастық нысаны ретінде

15 Қараша 2018

  2018 жылдың 13 қарашасында телекөпір өткізіліп, оның барысында орыс тілін шет тілі ретінде оқыту саласында ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Орыс тілін Үндістаннан келген студенттерге оқытуына ерекше көңіл бөлінді. Ұйымдастырған Беларусь мемлекеттік медицина университеті (Беларусь, Минск). Беларусь мемлекеттік медицина университетінің ректоры Анатолий Викторович Сикорский, Үндістан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Сангита Багадур құттықтау сөз сөйледі.

  Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың әр түрлі аспектілерін қарастыратын телекөпірдің проблемалық саласы қатысушылардың назарын аударды: соның ішінде Джавахарлал Неру атындағы Университетінің орыс тілін зерртеу Орталығы (Нью-Дели, Үндістан), Курск мемлекеттік медицина университеті (Курск, Ресей), А.С. Пушкин атындағы орыс тілі Мемлекеттік институты (Мәскеу, Ресей), «МКР-Медиа» холдингының инновациялық лингивистикалық жобаларының Депертаменті (Омбы, Ресей). Біздің университетіміздің орыс тілі кафедрасы да белсенді түрде қатысты. Кафедра оқытушысы Н.Ф. Юшко өз баяндамасын ұсынды. Университетімізде орыс тілі кафедрасында орыс тілін шет тілі ретінде оқыту барысында қолданылатын инновациялық әдістер туралы Н.Ф. Юшконың баяндамасы тыңдаушылардың назарын аударып, қызығушылық тудырды. 


0
2964

пікірлер

пікір қалдыру үшін.