Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«БМСК деңгейінде фертильді жастағы әйелдер денсаулығының мониторингі»

«БМСК деңгейінде фертильді жастағы әйелдер денсаулығының мониторингі»

01 Қараша 2018

2018 жылдың 29 қазанында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп, Клиникалық жұмыс және ҮКД жөніндегі проректор Б.Н. Көшерованың, Бала мен босандыру жөніндегі басшысының орынбасары Г.К. Мамалинаның және университеттің педагогикалық оқытушылар құрамының қатысуымен медициналық ұйым басшыларының орынбасарлары, акушер-гинеколог дәрігерлер, жалпы практика дәрігерлері, терапевттер үшін «БМСК деңгейінде фертильді жастағы әйелдер денсаулығының мониторингі» тақырыбында практикалық семинар өткізді.

  Семинарда фертильді жастағы әйелдерді бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде жүргізу, отбасын жоспарлау, экстрагениталды патологияны ерте анықтау және амбулаториялық деңгейде созылмалы инфекциялық емес аурулары бар әйелдерді сауықтыру мәселелері талқыланды.

   Профессор Л. И. Арыстан Қазақстан Республикасындағы фертильді жастағы әйелдерге медициналық көмек көрсетудің қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерімен және стандарттарымен таныстырды. Жүкті әйелдерде ЭГП құрылымы бойынша өз зерттеулерінің нәтижелерін, ЖТД динамикалық бақылауы, кәсіпаралық өзара іс-қимыл және топта жұмыс істеуді ұсынды.

  Профессор, № 1 ІА кафедрасының меңгерушісі, ҚР ДСМ тәуелсіз сарапшысы Д.Ж. Тайжанова ҚР-да ана өлімінің клиникалық жағдайларын жүйелі талдау нәтижелеріне толық тоқталды. Аса жиі кездесетін ЭМС жүкті әйелдердің клиникалық жағдайларын өте егжей-тегжейлі көрсетті (ӨАТЭ, сепсис, ЖРВИ және т.б.). Жүктілік ағымын күшейтетін қауіп факторлары артериялық гипертония, анемия, семіздік, анемия, субклиникалық гипотериоз, бүйректің созылмалы аурулары болып табылады. Профессор Д. Ж. Тайжанова сапалы медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге өмірдің жан-жақты анамнезін жинау, аурулардың кең ауқымымен сараланған диагнозды жүргізу, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес қатаң жүкті әйелдерді жүргізу, медициналық қызмет көрсету сапасының тиімділігін арттыру үшін кәсіби өзара іс-қимылға назар аудару керектігін атап өтті.

  Акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті И. Л. Копобаева республикадағы, аудандар мен моноқалалар бойынша ана өлімінің көрсеткіштерін ұсынды. Атап айтқанда, БМСК жүктілерді динамикалық бақылауды жетілдіру қажет ететіндігін, медициналық құжаттарды рәсімдеуді, сондай-ақ облыста босандыру ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау жақсарғанын атап өтті. Осылайша, 2016-2017 жылы 249,2 млн теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды. Кадрлардың тапшылығын жою мақсатында резидентурада даярлауға қаржы бөлінді, жас мамандарға тұрғын үй жөнделді және берілді, сондай-ақ «Ана өлімін алдын алу виртуалды штабы», «Жүкті әйелдерге арналған Модуль» Даму Мед мобилдік қосымшасыжұмыс істейді, Жезқазған қаласында жоғары қауіп-қатер кабинеті ашылды.

  Профессор М. М. Түсіпбекова жүкті әйелдер патологиясы кезіндегі диагностика сапасының клиникалық-морфологиялық бағасын ұсынды. (ӨАТЭ, сепсис, туберкулез, ятрогения және т.б.). Диагнозды құрылымдауға өте толық тоқталды.  

  Проректор Б. Н. Көшерова өз сөзінде Қарағанды облысы бойынша босандыру және бала тууға көмектесу қызметінің интеграцияланған моделін енгізудің ҚОДСБ-мен бірлескен жоспардың жасалғанын, аудандар мен моно-қалалардың тәлімгерлерінің бекітілгенін, университеттің ПОҚ-ы жүкті әйелдердің, босанушылардың, босанған әйелдердің және балалардың Қарағанды облысының ДСБ және медициналық ұйымдардың өтініштері бойынша күрделі және қиын жағдайлардың консилиумдарына қатысатынын атап өтті, сонымен қатар университеттік клиникада және стоматологиялық клиникада фертильді жастағы әйелдерге, жүкті әйелдерге және ТМККК шеңберінде балаларға емдік-диагностикалық және консультациялық көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта облыстың және республиканың медициналық ұйымдарында медициналық көмек көрсету үшін 27 резидент сырт жақта жүр.

  Б.Н. Көшерова атап өткендей, университет біліктілікті арттыру циклдарын өткізуде: ЭГП, отбасын жоспарлау және контрацепция, фертильді жастағы әйелдерді жүктілікке даярлау және алгоритмдерді зерттеу, бастапқы медициналық-санитариялық көмек жүйесінде акушерлік патология мен гинекологиялық аурулардың алдын алу, диагностикасы және емдеу, эндокриндік гинекология, оның ішінде балалар, антенаталды күтім,   жүктілік кезінде және босану кезінде ұрықтың қауіпті жағдайын диагностикалаудың кардиотокограммасы,  акушерліктегі шұғыл жағдайлар (акушерлік қан кету, преэклампсия, эклампсия, сепсис).

  Облыс басшысының орынбасары Г. К. Мамалинова қазіргі таңда орын алып жатқан күрделі мәселелердің шешілетіндігін, денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер мен ОМҚ-ін оқыту, қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу бойынша  үлкен жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті, сондай-ақ, университеттің басшылығы мен ПОҚ-на бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді.


0
4530

пікірлер

пікір қалдыру үшін.