Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Стом – чемпион!

Стом – чемпион!

26 Қазан 2018

№4 жатақхананың спорттық ашық алаңында ҚММУ-нің футболдан XVI чемпионаты аяқталды. Турнирге жеті команда қатысты, оның 5-і ҚММУ жатақханасы мен факультеттерінің атынан шықты, ал екеуі басқа университеттерден келді: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті және Абуали-ибн-Сино атындағы (Душанбе) Тәжікстан мемлекеттік медициналық университеті.

Турнирді ұйымдастырушылары, яғни Жастармен жұмыс жасау бөлімі және Дене шынықтыру орталығы чемпионаттың әр қатысушысына естелік жүлделерін - ҚММУ МФК рәміздері бар футболкаларын дайындады.

  Чемпионат ойындары өткен жердегі төтенше жағдайлар үшін қатысушылар оны «Қарлы» деп атады. Екі айдың ішінде ауа райы спортшыларға мүмкіндігінше жағымсыз тосын сыйларды дайындады: бірінші айналым ыстық болды, сосын жаңбыр жауып, соңында жаңбыр мен қар жауды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жауын-шашын да қатысушылардың футбол чемпионын анықтауға еш кедергі келтіре алмады.

XVI чемпионатта университет чемпионаттарының айрықша ерекшелігі сақталды - турнирдің соңғы ойынында жеңімпаздың атын анықтау.

Сонымен, осы жолы «Стоматология» (капитан Каримов Жандарбек) және ҚарМТУ (капитан Тайлубаев Абат) екі көшбасшысының қорытынды кездесуі чемпион атағын беруі керек еді.

Финалдық ысқырыққа екі минут қалғанда, ҚарМТУ 3: 2 есебімен жеңіске жетті, бірақ Жүніс Айтөренің«алтын» голы «стоматологтарға» 3: 3 ұпай алып келді, сонымен турнирде стоматологтар жеңіске жетті.

ҚММУ  XVIЧемпионатыныңқорытынды кестесі

  командалар

ойын

жеңіс

тепе-тең

жеңіліс

доптар

ұпайлар

1

Стоматология

  12

  9

  2

  1

 109 – 29 

  29

2

ҚарМТУ

  12

  9

  1

  2

 105 - 38

  28

3.

Интернатура

  12

  9

  1

  2

 116 - 43

  28

4.

Тәжікстан

  12

  7

  0

  5

  62 - 94

  21

5

6-жатақхана

  12

  3

  0

  9

 43 - 108

  9

6.

ЖТД

  12

  2

  1

  9

  55 - 98

  7

7.

1-жатақхана

  12

   0

   1

  11

  36  - 102

   1

  Жүлделі орын алған барлық командалар естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің қорытындысы бойынша чемпионат құрамасының дәстүрлі нышаны анықталды:

  Үздік қақпашы: Бескемпір Данияр (Стоматология)

   Үздік қорғаушы: Өмірзақ Низамиддин (Интернатура)

   Үздік шабуылшы: Сыманов Бекзат (ҚарМТУ)  )

   Үздік ойыншы: Маратуулу Бектур (Стоматология)

  Сонымен қатар, қатысушыларды ынталандыру үшін қосымша номинациялар енгізілді:

  «Ең пайдалы ойыншы» - Ермекбаев Иса (Интернатура)

  «Техникасы үздік ойыншы» -  Құмарбеков Еркебұлан (ВОП)

  «Үздік жаңа ойыншы»- Мамаев Лазизбек (1-Жатақхана ), Зермуханбетов Ансар  (6-Жатақхана ) мен  Байсаров Мансур (1-Жатақхана ).

  Барлық дербес номинациялардың иегерлері де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім

  Дене шынықтыру орталығы


0
3754

пікірлер

пікір қалдыру үшін.