Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сүт безінің обыры бойынша он күндік

Сүт безінің обыры бойынша он күндік

25 Қазан 2018

2018-2020 жылдарға жоспарланған қабылданған медиажоспарға сәйкес ақпараттық ілеспемен онкологиялық аурулармен күрестің Кешенді жоспарын іске асыру бойынша 2018 қазан айының 6нан 27не дейін Дүниежүзілік сүт безінің обыры жайлы мәліметтендіру күні шеңберінде әйелдердің денсаулығын сақтау бойынша айлық жүргізіледі.

Осыған орай, Қарағанды облыстық онкологиялық диспансерінде онкология және сәулелі диагностика кафедра қызметкерлерінің қатысуымен ашық есік Күні 2018 жылдың қазан айында әр сенбі сайын өткізілуде. Қалауы бойынша тегін маммолог кеңесін алып, көрсеткіштері бойынша сүт безінің УДЗ және маммографиясын өте алады.

Сүт безінің обыры дүние жүзі бойынша әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық ауру– барлық әйелдердегі обыр ауруының 16% құрайды.

Сүт безі ауруларының маманы маммолог - дәрігеріне тұрақты (2 жылда бір реттен кем емес) қаралып тұру ұсынылады. 20 жастан асқан әрбір әйелге ай сайын өздігінен сүт бездерін тексеру ұсынылады.

Қазақстанда 40 жастан бастап 70 жасқа дейінгі әйелдер скрининг бойынша міндетті түрде (шағымы болмаса да) 2 жылда 1 рет маммография түсіруі қажет. Скринингті тұрғылықты жері бойынша емханада өтуге болады.

2018 жылғы 9 айдың ішінде скрининг бойынша сүт безінің обыры 179 жағдайда анықталды, олардың 93% 1-2 сатыда; яғни бұл жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін көрсетеді.

Дәрігермен көрсетілген «қауіп белгілерінің» біреуі анықталса жедел (жастарда бірнеше ай ішінде 1 сатыдан 4 сатыға дейін өтуі мүмкін) терапевт  науқасты онколог – маммолог дәрігеріне немесе маммолог дәрігерімен онкологиялық диспансерге жіберіледі, ол жерде УДЗ және пункция жасалуы тиіс. Ісік қатерсіз деп сенім артуға болмайды. Медициналық мекемеде жылдам тексерілу науқас өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Сүт безінің обырын алдын алу шараларына оның дамуына әсер ететін себептерді жою, гиперпластикалық үрдістері бар әйелдерді оңтайлы диспансерлеу және оталық еммен бірге заманауи адекватты емдеу жатады.  Аталмыш аурудың диагностикасы кешенді болу керек. Тексеру әдістеріне сүт бездерінің УДЗ,  УДЗ бақылауымен ісіктің пункциясы мен трепан биопсиясы, МРТ, маммография жатады.

Ашық есік Күндеріне дайындық шеңберінде тұрғындардың сүт безі обырының онкосақтығын, ертен диагностикасын, скрининг пен алдын алуын   жоғарылату шаралары белсендірілді. Қаланың емханалары деңгейінде ашық есік Күндеріне тұрғындарды шақыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Онкодиспансерде тұрғындарға үндеу парақшалары (1000 дана) таратылып, қабырғаға стендтер ілініп, диспансердік емхана мен бөлімшелер тақырыпқа сай безендірілді.

18.10.2018  жылы қарағандылық БАҚ қатысуымен пресс-конференцияға қатысқандар:

1. ҚММУ онкология және сәулелік диагностика кафедрасының меңгерушісі Кабилдина Найля Амирбековна

2. Жалпы онкология бөлімінің меңгерушісі қызметін аткарушы Кулишов Владимир Алексеевич

3. СКДО бөлім меңгерушісі Дәрібаева Айжан Қалелқызы

Онкология және сәулелі диагностика кафедрасында оқып жүрген студенттер үшін осы іс-шара жаңа білім мен дағдыларды меңгерудің үлкен тәжірбиесі болды.

Авторлар: Кабилдина Н.А.,

Мараткызы М.,

ФоменкоЮ.М.


0
4240

пікірлер

пікір қалдыру үшін.