Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Будапешттегі (Венгрия ) Халықаралық стоматологиялық конгресс

Будапешттегі (Венгрия ) Халықаралық стоматологиялық конгресс

25 Қазан 2018

2018 жылдың 8 мен 14 қазаны аралығында Қарағанды медицина университеті атынан стоматология кафедрасының меңгерушісі С.Т. Төлеутаева, кафедра ассистенті К.С. Мұхтарова және 2 жыл магистранттары Ж.Ж.Аширбекова мен А.Ж.Бакирова Будапешт (Венгрия ) қаласында өткен Халықаралық стоматологиялық конгресске, ортодонтия бойынша мастер-класстар мен көрмеге қатысты. Шақырушы ретінде профессор PhD Peter Borbely, венгриялық ортодонттар ассоциациясының президенті болды.

Халықаралық стоматологиялық конгресс 3 күн аралығында өтті, бағдарлама барысында стоматологияның келесі бағыттары ұсынылды: ортодонтия, пародонтологиямен имплантология, эндодонтия, эстетикалық стоматология. Біз ортодонтия және эндодонтты стоматология секциясына қатыстық.  Шақырылған дәріскерлер Prof. Dr. Ramesh Sabhlok (БАӘ) и Dr. Mauricio Balut D. D. S (Мексика),  MUDr Simona Dianiskova (Словения), Dr. Wassim Bouzid (БАӘ) өздерінің клиникалық тәжірбиелерінің ең қызықты деген клиникалық жағдайларын көрсетті.

Ортодонтия бойынша мастер класстар профессор PhD Peter Borbely-нің ортодонтия клиникасында бір апта көлемінде өтті. Мастер-класстарда рrof. Dr. Ramesh Sabhlok (БАӘ) и Dr. Mauricio Balut D. D. S (Мексика) ортодонтияның заманауи бағыттарын айқын ашып көрсете алды. Мастер -класстар мәселелік жағдайдың барлық аспектілерін толыққанды ашу мақсатында : қауіп факторларын, аурудың даму себептерін, клиникалық көрінісінің ерекшеліктерін, заманауи диагностикалау және емдеу әдістерін, науқастың жеке өзіндік ерекшеліктерін қоса отырып, дәлелді медицина қағиадалары негіздерін ескере отырып құрастырылды. Сондай-ақ ортохирургияның дамуы аясында жақ-бет хирургтарымен бірге клиникалық жағдайларды шешу ұйымдастырылды.

Венгер ортодонтия қауымдастығының конференциясында және ортодонтия бойынша интенсивті курстағы ұсынылған тақырыптар өте өзекті болып табылады, сондай-ақ,  тек ортодонт-дәрігерлердің ғана емес, басқа да бағыттағы стоматологтардың қызығушылығын тудырды. 

ЖОО ректоры, м.ғ.д., профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетоваға осындай мүмкіндік бергеніне шексіз алғыс білдерміз.

Ж.Ж Аширбекова,

А.Ж Бакирова

2 жылмагистранттары


0
3573

пікірлер

пікір қалдыру үшін.