Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ- де үш тілді дамыту – үш тілде өткен психикалық денсаулық күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

ҚММУ- де үш тілді дамыту – үш тілде өткен психикалық денсаулық күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

12 Қазан 2018

2018 жылдың 10 қазанында ҚММУ Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 2018 жылы бұл мереке «Өзгермелі әлемдегі жастар және психикалық денсаулық» атты ұранмен өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар – ҚММУ медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының қызметкерлері.

Бұл конференция ҚММУ жобасы қызметінің басқаруымен көптілділік білім беруді дамыту бойынша қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. М.А. Маретбаеваның басшылығымен өтті.

Конференцияны үш тілде өткізу медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының оқытушысы, жобаның жұмыс тобының мүшесі Оспанова Мадина Булатовнаның идеясы болып табылды, ол студенттердің психикалық денсаулық күні тақырыбында қазақ және ағылшын тілдерінде баяндамаларды дайындауды ұйымдастырды. Осылайша, ағылшын бөлімінің 5 курс студенттері Дикша Ратхор және Таранум Кханның «Үндістандағы психиатриялық қызмет» атты баяндамалары аудиторияның жоғары бағасына ие болды, ал «жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттері Абильмажинова Адеми мен Бакен Акку энергетикалық сусындар мен ғаламторға тәуелділік туралы өзекті тақырыптарында  баяндамалар оқыды.

ҚММУ әскери кафедрасында білім алып жатқан Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ студенттері қазақ және орыс тілдерінде аудиториямен қызықты зертханалық психологиялық эксперименттер өткізді. Залда түсінбеушіліктер болған жоқ. Барлық қатысушылар бір-біріне эмпатия мен құрметпен қарады, ойларымен бөлісті, баяндама оқушыларды ыстық қошеметпен шығарып салды.

Баяндама оқыған студенттер және ұйымдастырушылар кафедраның атынан алғыс хаттарымен марапатталды.


0
3464

пікірлер

пікір қалдыру үшін.