Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Өзгермелі әлемдегі жастар және психикалық денсаулық

Өзгермелі әлемдегі жастар және психикалық денсаулық

12 Қазан 2018

2018 жылдың 10 қазанында ҚММУ - де Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 2018 жылы бұл мереке «Өзгермелі әлемдегі жастар және психикалық денсаулық» атты ұранмен өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар – ҚММУ медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының қызметкерлері. Конференцияға қатысушылар - ҚММУ «Жалпы медицина» мамандығының 5-6 курс студенттері және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының бірінші жыл білім алып жатқан магистранттары.

Қатысушылар психикалық денсаулық сақтаудың заманауи ғаламдық мәселелерімен және оны сақтау жолдарымен танысты. Конференцияның баяндамалары жастар арасындағы тәуелділік мәселелеріне, ҚММУ оқу процесінде бірінші курс студенттерінің бейімделуіне, студенттердің психологиялық түріне, студенттік өмірдегі психогигиена және психопрфилактиканың келешегіне арналды. Ағылшын бөлімінің 5 курс студенттері конференция қатысушыларын Үндістан мемлекетіндегі психитариялық қызметінің жұмысымен таныстырды.

Конференцияның өту барысында студенттер өздерінің ойларымен бөліссе, ал медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Баяндама оқыған студенттер және ұйымдастырушылар кафедраның атынан алғыс хаттарымен марапатталды. 


0
3197

пікірлер

пікір қалдыру үшін.