Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
IASGO 2018 - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХИРУРГТАР, ГАСТРОЭНТЕРОЛОГТАР МЕН ОНКОЛОГТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ 30-ШЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КОНГРЕСІ

IASGO 2018 - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХИРУРГТАР, ГАСТРОЭНТЕРОЛОГТАР МЕН ОНКОЛОГТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ 30-ШЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КОНГРЕСІ

11 Қазан 2018

2018 жылдың 8-13 қыркүйегінде бұл жолы Мәскеу қаласында өткен халықаралық хирургтар, гастроэнтерологтар және онкологтар қауымдастығының дүниежүзілік конгресі, Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және посткеңестік кеңістіктен әлемдік медицинаның 100-ден астам көшбасшыларын жинады. Олардың ішінде IASGO Президенті Масатоши Макуучи, белгілі француз хирургтары Анри Бисмут және Дениэл Джек, хирургиялық асқынулардың қазіргі заманғы жіктемесін әзірлеуші Питер Клавен, сондай-ақ әлемдегі ең ірі трансплантологиялық орталықтардың басшылары Энрике Морено-Гонсалес және Сун-Гю Ли.

IASGO конгресін әлемде озық технологиялардың жолсерігі ретінде қабылдайды: дәл осы жерде инновациялық жабдықтар алғаш рет көрсетіліп, жаңа тиімді әдістер туралы ақпарат естіледі, олар кейіннен дәрігерлер практикасына енгізіліп, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартады. Конгрестің ғылыми бағдарламасы өзінің әртүрлігінде бірегей болды. Төрт ірі секция негізінде қатысушылар ас қорыту жүйесі мүшелерінің, бауыр және ұйқы безінің хирургиялық және онкологиялық ауруларын диагностикалау жіне емдеу әдістері, бауыр трансплантациясы, молекулалық-генетикалық технологиялар, миниинвазивті, аралас емдеу мәселелері және бірқатар әртүрлі тақырыптары талқыланды.Басты назар емдеу технологиялары мен тиімділігіне аударылды.

Конгресс жұмысына Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің хирургтары де қатысты: профессор Тургунов Ермек Мейрамович, профессор Абатов Нуркаси Тулепбергенович, докторант Аманова Дана Ерлановна, магистрант Севастьянов Леонид Викторович. Докторант Д. Е. Аманованың жүргізген зерттеулері туралы баяндамасы шетелдік әріптестердің қызығушылығын және сұрақтарын тудырып, сондай-ақ жүргізілген зерттеулердің сапасына оң баға берілді.


0
3234

пікірлер

пікір қалдыру үшін.