Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарттар күні

Қарттар күні

11 Қазан 2018

Жастармен жұмыс жасау бөлімі «Volte KSMU» еріктілер ұйымының белсенділерімен бірге «Қарағанды қаласының №2 қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесіне» концерттік бағдарламасын өткізуді ұйымдастырды.

Іс-шара «Халықаралық қарттар күнін» мерекелеуге арналды.

Қазақстардың салт-дәстүрінде ақсақалдар ежелден ұлттың байлығы, адамгершіліктің қолдаушысы саналды. Жас кезінен бастап жасөспірімдерді үлкендерді құрметтеуге тәрбиелейді. Интернат-үйде тұратын аталар мен әжелер үшін еріктілік қозғалысының қатысушылары арнайы әндер, билер және ойындарға бай мәдени бағдарлама дайындады.

Студенттер өлеңдер оқыды, гитарамен КСРО кезіндегі әндерді айтты. Қарттарға арнап «Өмір сәттері» тақырыбымен қызықты ойын ұйымдастырылды, сонымен қатар ұтыс лотареясын өткізді. Кейіннен акция қатысушылары өзінің әсерлерімен бөлісті: ең бастысы аталар мен апалардың жүзіндегі қуанышты, жылылықты, күлкіні және шынайы бақытты, мұңды көздеріндегі ұшқынды көру үлкен қуаныш болды.

Мерекелік концерт әдемі вальс әуенімен аяқталды, аталар мен әжелер кішкене болса да өздерінің жас кездеріне оралғандай болды.

Іс-шараның соңына қарай аға буын өкілдері студенттерге мерекелік көңіл-күй сыйлағандарына шын жүректерін алғыстарын білдірді, оқуларына табыс тіледі және университеттің әкімшілігіне білдірген ықыластары мен қамқорлықтарына алғыстарын жеткізуді тапсырды.

  Рустемов Темірхан

   «Volte KSMU» ұйымының жетекшісі


0
2707

пікірлер

пікір қалдыру үшін.