Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ерлан Әшіммен кездесу

Ерлан Әшіммен кездесу

11 Қазан 2018

ҚММУ-де «Enactus KSMU» командасының қатысушыларының белгілі бизнесмен, "Нәтиже" компаниясының негізін қалаушы Ерлан Әшіммен кездесуі өтті.

Ерлан Әшім – табысты кәсіпкер, қоғам қайраткері, қайырымдылықпен айналысушы, «Нәтиже» бөлшек-сауда желісінің негізін қалаушы.

90-жылдардың қиын кездері жұмыссыз қалған Ерлан Әшім еш мойыған жоқ, керісінше өзінің жеке сауда желісінің негізін қалады. Алғашында кішігірім партиясын іске асырды, кейіннен наубайхана ұйымдастырды, уақыт өте келе сүт өнімдеріне көңіл бөле бастады.

Бүгінгі күні Ерлан Әшім – «Нәтиже» компаниясының негізін салушы, «Milkhouse» сүт өнімдерін іске асыру бойынша дүкендер желісінің иесі. «Нәтиже» маркасындағы өнімдерін Орталық Қазақстанның кез келген бұрышынан алуға болады.

Келген қонақ студенттің табысты адамға деген көзқарасы туралы әңгімелеп, жеке адамның дамуы үшін өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі сыннан өткізудің маңыздылығын атап өтті және біздің мемлекетіміздегі сақтандыру медицинасын енгізу қажеттігі туралы өз пікірімен бөлісті.

Ерлан Әшім дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жұмысында да, бизнесте де жоғары бағалайтын басқа адамдардың ойлау мен түсіну қабілетін арттыратын негізгі фактор ретінде кітаптарды оқудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Сабина Гофман

  «Enactus KSMU» қоғамдық қатынастар командасының вице-капитаны 


0
2897

пікірлер

пікір қалдыру үшін.