Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Даналыққа және тәжірибеге құрмет

Даналыққа және тәжірибеге құрмет

09 Қазан 2018

26 қыркүйек күні жастармен жұмыс жасау бөлімі «INSIGHT» пікірталас клубымен бірлесе отырып, «Даналыққа және тәжірибеге құрмет» атты тақырыппен дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Пікірталасшы студенттер мәселеге жан-жақты қарайды, бүгінде олар осы мәселеге біздің биологиялық түріміздің тіршілігі жағынан қарады.

Студенттер даналыққа және тәжірибеге құрметтің ең негізгі қадір-қасиеті- үлкенге деген құрмет, яғни бұл қасиетке ие – бұл біздің түріміздің негізі деген шешімге келді. Бәріне белгілі болғандай, адамзаттың басты ерекшелігі - оның болашақ ұрпаққа ақпарат беру тәсілі жазу және сөйлеу болып табылады, егер де аға буын өкілі болмаса, біз ата-бабамызбен маймылдар деңгейіне түсетін едік.

Сондықтан дана, тәжірибелі және жасы үлкенге құрмет көрсету туралы ой туғанда біз әрдайым - олардың жалғасы екенімізді ұмытпауымыз керек.

Жас ұрпақтың жасы үлкендерге құрмет көрсетпеуі біздің пікірталасшы студенттердің наразылығын тудырады.Мұндай жағдайларда біздің клуб мүшелері жастарға шындықты түсіндіруге тырысады, яғни үлкендерге құрмет - бұл тек білім емес, бұл адамның мәдениеті мен өмірлік ұстанымы екенін жеткізгісі келеді!

Біздің студенттеріміз дана, тәжірибелі және жасы үлкен адамдарға құрметпен қарайтынын түсіну - біз үшін үлкен қуаныш.

Біз өзіміздің түп-тамырымызды жақсы біліп, есте сақтасақ біздің жарқын болашаққа деген үмітіміз зорболатыны сөзсіз.

И.В. Фисенко 6-071 ЖМ

 «INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
3216

пікірлер

пікір қалдыру үшін.