Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"ЖИТС-пен өмір сүретін жастарды қолдау және күтім жасау бойынша қызметті жақсарту" тақырыбында семинар.

"ЖИТС-пен өмір сүретін жастарды қолдау және күтім жасау бойынша қызметті жақсарту" тақырыбында семинар.

08 Қазан 2018

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында ЮНИСЕФ қолдауымен 1-ші және 3-ші қазан аралығында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Астана қаласының инфекционист, психолог дәрігерлері, әлеуметтік жұмыскерлері, университет мұғалімдері және үкіметтік емес ұйым өкілдері үшін "ЖИТС-пен өмір сүретін жастарды қолдау және күтім жасау бойынша қызметті жақсарту" тақырыбында семинар өтті.

  ЮНИСЕФ ұлттық кеңесшісі Канат Суханбердиев Қазақстан Республикасы үшін ЖИТС инфекциясы проблемаларының маңыздылығын атап көрсетіп, оқушыларды тренинг бағдарламасымен, Бала құқығы туралы конвенциясымен, таныстырып, CHIVA Магда Конвей (Ұлыбритания) жаттықтырушысын ұсынды.

  Магда Конвей ЖИТС инфекциясына қоғамның және ЖИТС-пен өмір сүретін тұлғаларға көзқарасы бойынша зерттеудің шолуын ұсынып, ЖИТС инфекцияларымен балалары бар отбасылармен жұмыс, ЖИТС туралы ата-аналары қаншалықты ақпараттандырылған, өздерінің балаларының мәртебелері туралы ашуға келіседі ме т.б. мәселелер бойынша оқыту жаттығуларын өткізді. Балалардың ретровирусқа қарсы терапиясы және дәрілерді қабылдау режимін қатаң сақтауларына ерекше назар аударылды. Секс, кемсіту стигмаларын қалай жеңіп шығу туралы жастармен әңгіме құру сияқты тақырыптар қызық болды.

  Тренингке ЖИТС-пен өмір суретін  жастар шақырылған болатын.

  Оқыту процесі кезінде әріптестер бір-бірінің пікірлерімен, тәжірибелерімен алмасты. Тренинг тек теориялық, практикалық білімдерді алумен ғана шектелмей, қолдануға арналған таратылатын кейспен аяқталды.   


0
3337

пікірлер

пікір қалдыру үшін.