Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құтырудың алдын-алу шаралары

Құтырудың алдын-алу шаралары

04 Қазан 2018

28 қыркүйек күні ДДСҰ бастамасымен  дүниежүзінде «Дүниежүзілік құтыруға қарсы күрес күнін» атап өтеді. Бұл іс-шараны жыл сайын осы қауіпті аурумен күрес әдістеріне назар аудару және алдын-алу шаралары туралы халықты ақпараттандыру мақсатында өткізіледі.

Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған, өйткені 28 қыркүйек - тарихтағы құтыруға қарсы бірінші вакцина жасаған француз химигі мен микробиологы Луи Пастердің қайтыс болу күнімен тұспа-тұс келеді.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің белсенділері «Дүниежүзілік құтыруға қарсы күрес күні» аясында қоғамдық денсаулықты нығайтуға өз үлестерін қосты.

Бірінші қадам ​​ҚММУ білім теледидарында оқушылар мен мұғалімдерге құтыру белгілерін, сондай-ақ жануарлар шаққанда шұғыл шараларды өткізу тәртібін түсіндіретін визуалды түрде бейнебаяндарды орналастыру болды.

Содан кейін студенттер 20-шы жылдардың агро-бригадалары стилінде түрлі-түсті флеш-моб дайындап өткізді.

Келесі қадам «ҚММУ студенттері салауатты өмір салты үшін» шағын футбол турнирін өткізу болды. Ойындар №4 жатақхананың ашық спорт алаңында өтті. Турнирге ҚММУ жатақханаларының атынан командалар қатысты.

Алдан-алу шараларының ақырғы аккорды құтыруды болдырмау үшін міндетті алдын-алу  шаралардың тізімін сипаттайтын кітапшаларды тарату, сондай-ақ үй жануарларын міндетті түрде вакцинациялау қажеттігін түсіндіру науқаны болды.

Сөз соңында, Қазақстанда әртүрлі жұқпалы ауруларды алдын алу және емдеу мәселелеріне мемлекет жеткілікті назар аударатындығын атап өту керек. Азаматтардың эпидемиологиялық қауіпсіздігінің деңгейін көтеру мақсатында науқастарды уақтылы вакцинациялау, диагностикалауды жетілдіру, емдеу және оңалту, алдын-алу шаралары күшейтіліп келеді.

 
Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
3050

пікірлер

пікір қалдыру үшін.