Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мейрамдарыңызбен құрметті мұғалімдер!

Мейрамдарыңызбен құрметті мұғалімдер!

02 Қазан 2018

  Қыркүйектің соңғы жұмасында,  «Мұғалімдер күні» және «Қарттар күні» екі жарқын күнді тойлауға арналған ҚММУ-де дәстүрлі түрде салтанатты жиналыс өткізіледі.

  Осы күнге арнайы, университеттің кәсіподақ комитеті еңбек ардагерлері үшін сыйлықтар дайындайды, ал университеттің шығармашылық ұжымдары Жастармен жұмыс жасау бөлімінің белсенділерімен бірге ҚММУ профессорлық-оқытушы құрамының құрметіне арналған мерекелік концерттік бағдарламаны дайындайды.

Университеттің оқытушылары мен ардагерлерін ҚММУ клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректор Б.Н.Кошерова және кеңесші

В.Б. Молотов-Лучанский құттықтау сөз сөйледі. Құрметті мұғалімдерді  құттықтай отырып, Бақыт Нұргалиевна мен Вилен Борисович барлығына зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Домбыра оркестрінің мүшелері «Балбырауын» күйінің орындауымен мерекелік концерттің шымылдығын ашты.  Құрманғазының классикалық шығармалары және әуенінің сұлулығы жас музыканттардың шабытпен орындауы,  көрермендер залында қайталанбас әсер қалдырды.

Шығармашылық эстафетаны  вокал үйірмесінің  қатысушылары Ералиева Дана және Қайырбаев Самат «Ұстазым» әнімен, Сайлау Балжан «Сенемін» әнімен, Тулеев Айдар «Как молоды мы были»,  Дуйсенбаева Жанерке «Біздің жақта» және Майданов Нуркен «Птица счастья» әнімен әр қарай жалғастырды.

   «Махаббат сыры» және «Русская плясовая» композицияларымен шыққан «Қаракөз» (жетекшісі Косыбаева Меруерт) шығыс биінің халықтық ансамблінің ұлдары мен қыздарының  өнерлерін көрермендер жылы қабылдады. «Туған жер» композициясымен университет вокалисттерінің өнерлері зор аккордпен шақты және шығармашылық бағдарлама барлық мұғалімдерге лирикалық арнаумен  «Ұстазым менің ұстазым» әнімен аяқталды.

Концерттің соңында, тыңдаушылардың ұзақ уақыт шапалақтауы мерекелік кештің барлық қатысушыларына ең жақсы сыйлық болды.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі.


0
3280

пікірлер

пікір қалдыру үшін.