Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Университеттегі вакциналау

Университеттегі вакциналау

02 Қазан 2018

Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университеті 2018 жылдың 27-28 қыркүйегінде профилактикалық іс-шаралардың аясында, университет қызметкерлері мен клиникалардың медицина қызметкерлері арасында тұмауға қарсы вакциналау жүргізді. Барлығы 300-ден астам қызметкер егілді.

Вакциналау үшін иммуностимуляциялық әсері бар Grippol® плюс (Grippol plus) қолданылды.

Тұмау - адамнан адамға оңай таралатын өткір вирустық инфекция. Салқын климатты аумақтарында мерзімді эпидемиясы негізінен суық кездерде жүзеге асады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының деректері бойынша: мерзімдік тұмаудың жыл сайынғы эпидемиясы бүкіл әлемде 3-5 миллион ауыр сырқаттанушылықка және 250 000 - 500 000 адамның өліміне әкеледі. Өнеркәсіптік дамыған елдерде тұмаумен байланысты өлім 65 және одан жоғары жастағы адамдар арасында болады. Ауырлық дәрежесіне қарай ауру жеңілден ауырға дейін өзгереді, кейде нәтижесі өлім болады. Ауруханаға жатқызу және өлім жағдайлары негізінен жоғары қауіп тобында кездеседі.

Клиникалық жұмыс және инновациялық қызмет бөлімі


0
3410

пікірлер

пікір қалдыру үшін.