Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Профессор Томас Качергюстің ҚММУ-де академиялық ұтқырлығы

Профессор Томас Качергюстің ҚММУ-де академиялық ұтқырлығы

25 Қыркүйек 2018

2018 жылдың 17 қыркүйегі мен 28 қыркүйегі аралығында Вильнюс университетінің (Литва) медицина факультетінің биомедициналық ғылымдар институтының физиология, биохимия, микробиология және зертханалық медицина кафедрасының доценті Томас Качергюс академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ҚММУ-да лекциялар мен практикалық сабақтар жүргізеді.

Профессор университеттің студенттеріне ағылшын тілінде микробиология кафедрасында лекция және практикалық сабақтар жүргізеді.

Профессор университетпен танысып, Стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Проректор А. А. Тұрмұхамбетовамен, ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі проректор М.К. Телеуовпен, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректор Б.Н.Кошеровамен, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор В.П. Риклефспен кездесті.

Сондай-ақ,Томас Качергюс тарих мұражайына, ұжымдық пайдалану зертханасына, практикалық дағдылар орталығына, анатомиялық мұражайға, стоматологиялық клиникаға? ҚММУ Медициналық орталығына және КарЛаг мұражайына барды.

  Профессордың дәрістеріне қатысуға ниет білдіргендердің барлығын Халықаралық ынтымақтастық бөліміне кесте туралы толық ақпарат алу үшін хабарласуларыңызды сұраймыз.


0
3922

пікірлер

пікір қалдыру үшін.