Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Отаго университетінің (Жаңа Зеландия) профессоры Дэвид Вудстың академиялық ұтқырлық шеңберінде келуі

Отаго университетінің (Жаңа Зеландия) профессоры Дэвид Вудстың академиялық ұтқырлық шеңберінде келуі

13 Қыркүйек 2018

2018 жылдың 10 қыркүйек күні ҚММУ-не клиникалық фармацевт, Жаңа Зеландиядағы Evidence-Based Network өкілі, Жаңа Зеландияның балаларға арналған Формуляры мен Жаңа Зеландияның Формулярының редакциялық директоры, Отаго Университетінің (Жаңа Зеландия) Фармация мектебінің профессоры Дэвид Вудс келген болатын. Профессор ҚММУ-нің клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасында қыркүйектің 21-не дейін барлық мамандықтар бойынша резидентура студенттеріне дәріс оқитын болады.

Дэвид Вудс, сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Формулярының клиникалық кеңесшісі, SNOMED CT клиникалық даму жөніндегі Интернационалды жұмысшы топтың мүшесі, денсаулық және қауіпсіздік сапасын (MSEAG) бағалау жөніндегі Медициналық эксперттік топ кеңесшілер мүшесі, Фармация Кеңесінің бастамасымен құрылған Компромиссті жұмысшы топтың мүшесі, клиникалық фармация және педиаторлық дәрі-дәрмек формулярының ұдайы курсының провайдеры болып табылады.

Профессор Д.Вудстың зерттеуінің кәсіби бағыты: дәрі-дәрмек аллергиясы, клиникада қолданылатын, дәрі-дәрмектер тобына фармакобақылау, педиатриялық фармакологияда қолданылатын кеңінен таралған дәрілерді зерттеу болып табылады.

Профессор Д.Вудс Қазақстанның клиникалық фамакология ассоциациясымен серіктестікте, клиникалық фармакология и фармациядан халықаралық ғылыми–тәжірбиелік конференция ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысады (Алматы, 2016ж.; Ақтөбе, 2017ж., Астана, 2017ж.).

Бұл профессордың ҚММУ-не алғашқы сапары емес екенін атап өту керек, бірінші рет профессор 2017 жылдың  қазан  айында келген болатын, ол кезде ол дәлелді медицинаның өзекті мәселелері бойынша мастер-класс өткізген, сондай-ақ, 2017 жылдың 2-3 қазан аралығында ҚММУ-да өткен «Медициналық білім берудің Интернационализациясы» IV Орталық Азия ғылыми-тәжірибелік конференциясында да қатысқан болатын.

Профессордың дәрісі келесідей тақырыптарды қамтитын болады: «Adverse Drug Events and Adverse Drug Reactions, Including medication errors.Monitoring and Pharmacovigilance», «Medicines Use in the elderly population and polypharmacy», Medicines Use in Children, Pregnancy and Lactation», «Dosing in renal and hepatic disease», «Assessment of the use of medicines in clinics and hospitals/Drug Utilisation Review», т.б.

Профессордың сапары барысында Отаго Университетінің Фармация мектебімен біріккен зерттеу жүргізу, профессорлар мен студенттермен алмасу, т.б. салалаларда ары қарай ынтымақтастықты жалғастыру және нығайту мақсатында ниет туралы шартқа қол қойылды.

12 қыркүйек күні профессордың ҚММУ-нің стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры А.А. Тұрмұхамбетовамен кездесуі өтті. Кездесу барысында ҚММУ студенттерін оқытуды жақсарту, «Қазақстанда дәрілік заттарды қауіпсіз және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету» жобасы, т.б. талқыланды. 


0
3654

пікірлер

пікір қалдыру үшін.