Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жақсы көрсеткішке қол жеткіз!»

«Жақсы көрсеткішке қол жеткіз!»

11 Қыркүйек 2018

9 қыркүйек күні салауатты өмір салтының белсенді студенттері дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары Л.А.КучинажәнеЕ.А.Райнгардттың басшылығымен «Денсаулық фестивалі» республикалық жобасы аясында өткен «Жақсы көрсеткішке қол жеткіз!» кең ауқымды акциясына қатысты.

Акцияның басты мақсаты – халыққа белсенді өмір салтын насихаттау және «Жақсы көрсеткішті»,  адам денсаулығының жағдайына әсер ететін белгілер: қалыпты қан қысымын, дене салмағы мен жүрек соғысының жиілігін қадағалау қажеттілігіне назар аударту.

Фестивальді ұйымдастырушылар «Достық үйінің» алдына тұрғындар өздерінің қан қысымын, қандағы қанттың деңгейін өлшеу үшін, сонымен қатар, флюорография өту үшін ерекшеленген «Денсаулық қалашығын» құрды.

«Денсаулық фестивалі-2018» жабылу салтанатына орай қарағандылықтарға мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыстық спорт басқармасының өкілдері 4-8 қыркүйек аралығында облыста және қалада өткен спорт жарыстарының жеңімпаздарын марапаттады. Жиналған жұрт «Sportika» және «World class» фитнес орталықтарының жаттықтырушыларының басшылығымен флеш-моб және әсерлі зумба жаттығуларын жасады. Облыстық күрес мектебінің жастары орындаушылық шеберліктерін көрсетті. ҚММУ-нің студенті Бекмырзаева Диана фестиваль қонақтарына «Қазақ елі» әнін тарту етті.

Мерекенің ең белсенді қатысушылары ұйымдастырушылардан көрнекті сыйлықтар мен жүлделер алды.

Қорыта айтқанда қазіргі заманда адамдар физикалық белсенділіктеріне уақыт өткен сайын аз көңіл бөледі. Алайда бұрыннан белгілі болғандай  ауруды болдырмаудың ең сенімді және қарапайым әдісі – салауатты өмір салтын ұстану. Салауатты өмір салтын ұстану – өз-өзіңді қолға алып, еш шығынсыз ұзақ өмір сүру әдісі.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі.


0
3704

пікірлер

пікір қалдыру үшін.