Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медицина мектебіндегі Білім күні

Медицина мектебіндегі Білім күні

10 Қыркүйек 2018

ҚММУ акт залында «Білім күніне» арналған «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 1 курс студенттеріне арналған танысу жиналысы өткізілді.

Осы жылы ҚММУ-ға «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 454 студенттер түскен болатын, оның ішінде 62-сі «Алтын Белгі» иегерлері болып табылады.

Құттықтау сөзімен медицина мектебінің деканы, м.ғ.к., доцент – Жанасова Марал Маратовна сөз сөйледі. Ол 1 курс студенттерін,  жаңа оқу жылымен  құттықтай отырып, сәттілік, жетістіктер, шыдамдылық және еңбекқор болуларын тіледі.

Сонымен қатар құттықтау сөздермен сөз сөйлегендер:  стоматология мектебінің деканың м.а., Доктор PhD – Калина Айнур Сериковна, медицина мектебінің әлеуметтік жұмысы бойынша деканның орынбасары   М.К. Елубаева, кітапхана өкілдері, және де жастармен жұмыс істеу бөлімінің қызметкерлері өз тілектерін білдірді.

Бірінші курс оқырмандары оқудың бірінші және екінші аптасында оқу материалдарының толық кешендерін алады.

Жиналыс барысында барлық бірінші курс оқырмандары үшін «Жол ашар» атты квест-ойын хабарланды.  «Жол ашар» - ҚММУ-дың бірінші курс оқырмандары үшін ұйымдастырылған мерекелік шара, студенттерді университет құрылымымен таныстыру мақсатымен жүргізіледі. Квест-ойын 2018-2019 оқу жылына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің мерекелік шараларының жоспары аясында өткізілуде.  

Жиналыстан кейін бірінші курс оқырмандары ағылшын тілінен тестілеуге бағытталды, соның негізінде ағылшын тілінің деңгейін анықтап политілді топтар құрылады.

  Алдағы уақытта мектеп студенттермен ғылыми-шығармашылық, оқу-тәрбиелік бағытта  жұмыс істейтін болады.

М.К. Елубаева - медицина мектебінің әлеуметтік жұмысы бойынша деканның орынбасары

Л.К.Абеуова - медицина мектебінің маманы


0
3942

пікірлер

пікір қалдыру үшін.