Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дьюк Университетінің (АҚШ) делегациясы ҚММУ-де кездесу өткізді

Дьюк Университетінің (АҚШ) делегациясы ҚММУ-де кездесу өткізді

05 Қыркүйек 2018

2018 жылдың 3-4 қыркүйек күндері ҚММУ-не Дюк университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Оқу мәселелері бойынша деканы Коллен О’Коннор Грачовский, Дьюк университетіндегі Ғаламдық инновациялық даму орталығының директорының көмекшісі Элина Урли Ходжес,  Деканның көмекшісі Дебора Энгле. Кездесуге стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры А.А.Тұрмұхамбетова, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректор Б.Н.Кошерова , оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор В.П.Риклефс, Дюк университетінде және Назарбаев университетінде оқу өткен  факультеттердің деканы, мұғалімдер және әкімшілік басқармасының қызметкерлері қатысты. 

Кездесу барысында ҚММУ қызметкерлері Назарбаев Университетінде және Дьюк Университетінде, ҚММУ-де оқытылған қызметкерлерді, университеттің автономиясымен, даму стратегиясымен, Дьюк Университетінің әріптестігі мен тәлімгерлік бағыттары туралы білімдерін енгізу туралы талқыланды.

Кездесу аясында қонақтар практикалық дағдылар орталығына, стоматологиялық клиникалық зертханаға, кітапханаға және ҚММУ мұражайына барды.


0
4246

пікірлер

пікір қалдыру үшін.