Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Палацский университетіне академиялық ұтқырлық

Палацский университетіне академиялық ұтқырлық

22 Тамыз 2018

"Біз болашақты көре алмаймыз, бірақ барлығы өз қолымызда" - Палацкий атындағы университетінің ұраны.

Мен, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің, «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студентімін, бір ай көлемінде Чехияның Оломоуц қаласының Палацкий университетінде клиникалық генетиканы үйрендім. Профессор MUDr. Martin Prochazka. Ph.D. маған кесте құрып берді, оған сәйкес күнде адамның генетикалық ақпаратын зерттеудің жаңа тəжірибелерін үйрендім. Менің оқытушыларым doc.RNDr.Radek Vrtěl, Ph.D., RNDr. Pavlína Čapková, Ph.D., doc. MUDr. Peter Rohoň, Ph.D., MUDr. Renáta Černičková, RNDr. Kateřina Adamová, Ph.D., Mgr. Mária Janíková, Ph.D., Mgr. Zuzana Čapková болды. 
Палацкий университетіндегі клиника жоғары білімді дəрігерлер жұмыс жасайтын жəне студенттер білім алатын, кішкентай қалаға ұқсайды. Мен үшін мұрагерлік метоболизм, хромосомалық, геномдық, онкологиялық, геморрагиялық аурулар секілді курстар ұйымдастырылды.

Мен MRC-Holland бағдарламасымен таныстым, бұл бағдарлама арқылы дəрігерлер бірнеше генді тексереді(Shank3 жəне т.б). Маған жаңа ұрпақты секвенирлауды, микрочип технологиясын көрсетті.

Мен ғалымдар жəне студенттер PhD бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын ғылыми зерттеу бөлімінде болдым. Мен өзінің мақалам бойынша баға жетпес тәжірибені және де болашақ зерттеулерді Палацкий университетінің ғалымынан Moudry Pavel PhD. дәріс алдым. Менің білімім кеңейді. Соңғы аптада MLP көмегі арқылы өзіме талдау жүргізіп көріп, өзімнің ДНҚ-ның жүрек-қантамыр ауруларының алдын алуын зерттеп көруімді ұсынды. Бұл талдауды жетекшім Mgr. Zuzana Sarkona жетекшілігімен үш күн бойы өзім жасап көрдім. Техникалық құрылғылармен таныстым, дегенмен, дəрігерлер бұл құрылғыларды соңғысы емес жəне бұдан да анық нәтиже беретін құрылғыларды жасап шығаруды күтетіндерін айтты. 

Маған осылай Палацкий университетінің клиникасында дәріс алуға мүмкіндік берген ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетоваға алғыс айтамын, ҚММУ басшылығына жəне халықаралық ынтымақтастық бөліміне, атап айтқанда Сапарова Мөлдірге жəне КазМСА ға алғыс білдіремін. 

ҚММУ 2-ші курс студенті Барханская Валентина


0
4563

пікірлер

пікір қалдыру үшін.