Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Барселонадағы ҚММУ топ-менеджерлерін оқыту

Барселонадағы ҚММУ топ-менеджерлерін оқыту

23 Шілде 2018

Шілде айының 3 мен 17 күндері аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қызметкерлер тобы Испаниядағы Graduate School of Management  базасында «Білім берудегі менеджмент» курсы бойынша кәсіптік оқытудан өтті.

Оқыту бағдарламасы бойынша қызметкерлер Human Forum жұмысына Mrs. Rosa Maria Pujol, Prisident of Amics de la UNESCO, Dr. Tatiana Kompaniets, Director of GSM Barselona,  Prisident of Saint Diodor Foundation төрағалығымен қатысты.

Форум аясында университеттер мен колледждердегі жаңа білім үрдістері мен мәселелері талқыланды, еуропалық мектептер мен Қазақстандық медицина университеттерінің (ҚММУ, АМУ) өкілдері арасында тәжірибе алмасу өткізілді, сонымен қатар, GSM Barselona бітірген Қазақстан магистранттарының үздік жұмыстары ұсынылды.

 GSM Barselona Awards 2018 тапсыру рәсімінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті GSM Barselona бірге қызмет атқаратын әлемдегі 108 университеттің арасында интернационалды білім беру, академиялық ұтқырлық саласында ең үздік деп танылды. 

Оқыту барысында GSM Barselona профессорлары 21 ғасырдағы еуропалық және америкалық білім берудің ерекшеліктерін таныстырып өтті, менеджмент бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. 

ҚММУ-нің қызметкерлері бағдарлама бойынша:  

Еуропа бойынша үздік технопарк болып саналатын Parc Recerca Biomedica Barcelona барды. Оның жетекшісі Dr.Reimund Fickert парктің құрылымы, ғылыми бағыты, Phd білім беру бағдарламаларымен таныстырды, парктің зертханалары бойынша экскурсия жүргізді.  

Centros de Diagnostico por Imagen Grup Manchon Barcelona барды. Оның базасында «Медицина» мамандығы бойынша магистранттар білім алып жатыр. Professor Dr. Leonardo Romero 2018 жылдың GSM Barcelona Awards үздік оқытушысы болып танылады. Ол клиниканың құрылымы және клиникалық зерттеулердің бағыттарымен таныстырды. 

GSM Barcelona мен ҚММУ өкілдерімен сапар барысында GSM Barcelona университеттер ассоциациясын интернацияландыру бойынша бірлескен жоспарлар жоспарланды.


0
4532

пікірлер

пікір қалдыру үшін.