Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ханой медициналық университетіне (Вьетнам) академиялық ұтқырлық

Ханой медициналық университетіне (Вьетнам) академиялық ұтқырлық

20 Маусым 2018

2018 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында ҚММУ-нің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының магистрі Сейтхан Нұргүл Ханой медицина университетінің (Вьетнам) қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық-профилактикалық іс мектебінде академиялық ұтқырлық бойынша дайындықтан өтті.

Ханой Медициналық Университеті ел астанасы Ханой қаласында орналасқан ең көне университеттердің бірі болып табылады.

“OneHealthNetworkSouthEastAsia - SEAOHUN” платформасы қоғамдық денсаулық сақтау магистранттары білім алып, тәжірибеден өтетін - ComAcross және LACANET жобасы болып табылады. «One Health» - жергілікті, аймақтық, ұлттық және жаһандық деңгейде жұмыс істейтін бірлескен, көп секторлы және пәнаралық тәсіл. Мақсат - адамдар, жануарлар, өсімдіктер мен олардың ортасы арасындағы қарым-қатынастарды танитын оңтайлы денсаулыққа қол жеткізу.

Оқу ағылшын тілінде өткізілді. Жалпы алғанда «One Health» платформасы бойынша бүкіл академиялық кезең ішінде 6 түрлі пәндер өткізілді, олардың қатарында «Қоршаған орта және денсаулық», «Денсаулық сақтау саясаты және басқару», «Денсаулықты нығайту және денсаулықты сақтау», «Жаһандық денсаулық», Денсаулық сақтау этикасы» және «Денсаулық сақтау экономикасы» пәндер болды.

Дәрістер мен практикалық сабақтар Вьетнамдық профессорлық-оқытушылар құрамымен және шетелдік шақырылған профессорлармен бірге өткізілді. Әрбір пәнді өткізу кезінде топтарда жұмыс жасауға назар аударатын өзіндік оқыту әдістемесі болды.Мәселен, «Қоршаған орта және денсаулық» пәнінде Миннесота университетінің профессорлары Бетси Ваттинберг және Александр Брюс дәрістерін тыңдадық, сондай-ақ, ауылдық жерлерде денсаулық сақтау деңгейін көтеру үшін провинциялардың өмірлерімен таныс болу үшін арнайы экспедиция ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау және денсаулықты дамыту бойынша дәрістер оқыған Сидней денсаулық сақтау мектебінің PhD профессоры Фонгсаван (Австралия) өзіндік сабақ беру тәсілімен: «дәріс-топтық жұмыс-тесттер» ерекшеленді және осының бәрі бір сабақта өткізілді.Сондай-ақ, «Жаhандық денсаулық сақтау» пәні бойынша атақты профессорлар Стэнли Фэнвик («SEAOHUN»), Майкл О'Лари (Туфтс Университеті), Нгуен Дан Вунг мырза, Сидней университетінің саясат және басқару докторы Кармен Хьюкель Шнайдер және Ханой медициналық университетінің PhD докторы Нгуен Ти Хоай Ту мырзалар дәріс оқыды.

Ханой - бұл өте көңілді қала, онда адамдар таңғы сағат 5-де жұмыс істей бастайды, онда ешкімге қайғырып, өмірге реніш білдіруге уақыт жоқ, бұл тез қарқынмен жүретін қала және көптеген шынайы қуана білетін адамдар мекендейтін қала.   

Көптеген ғибадатханалар, миллиондаған мотобайктар мен адамдар өмір сүретін өте тар үйлер әсер қалдырды. Жергілікті кешкі демалыс түрі болып, жаяужолдардың ортасына кішкене отырғыштарда отырып, суық көк шай ішу болып табылады. Мұнда адамдар мейірімді және ақкөңіл болып табылады.

ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.А. Тұрмұхамбетоваға және халықаралық ынтымақтастық бөліміне, сонымен қатар ғылыми жетекшім Т. С. Серғалиевке берілген мүмкіндік пен жасаған қолдаулары үшін ерекше алғысымды білдіремін.

Сейітхан Нұргүл Ерназарқызы

6D110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы

бойынша 1-оқу жылының магистранты


0
5565

пікірлер

пікір қалдыру үшін.