Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
“WELCOME: Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» Erasmus + жобасы аясында «Интернационализация үшін маркетинг және мәдени шақырулар» атты тренинг

“WELCOME: Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» Erasmus + жобасы аясында «Интернационализация үшін маркетинг және мәдени шақырулар» атты тренинг

19 Маусым 2018

2018 жылдың маусым айының 3 мен 10-ы аралығында Эстонияның Таллин техникалық университеті базасында “WELCOME: Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» Erasmus + жобасы аясында «Интернационализация үшін маркетинг және мәдени шақырулар» атты халықаралық тренинг өтті, онда ҚММУ-нің қызметкерлері: маркетинг және жарнама бөлімінің бастығы А.B. Морой, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы С.Б. Қасымова, жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы А.Н. Урмашов қатысты.

Аталған тренинг Қазақстан мен Қытайдың серіктес университеттерінің өкілдері үшін ұйымдастырылды:

- Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (Қарағанды, Қазақстан);

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан);

- Нархоз Университеті (Алматы, Қазақстан);

- Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Астана, Қазақстан);

- Бэйхан университеті (Бейжің, Қытай Халық Республикасы);

- Тунцзи Университеті (Шанхай, Қытай Халық Республикасы).

Тренингтің қатысушыларына Таллин техникалық университетінің құрылымы, маркетинг және байланыс департаменті, қызметкерлерді басқару және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметімен таныстырылды. Сондай-ақ, біздің қызметкерлеріміз шетелдік студенттерді қолдау бойынша іс-шаралармен айналысатын студенттік бірлестіктің жұмысымен танысты.

Тренингтің дәрістері оқу үрдісінің интернационалдандыру аспектілеріне арналды: стратегиялық мақсаттар мен интернационалдандыру саясаты, ғылым мен интернационалдандыру саласындағы зерттеушілердің заманауи мәселелері, ұлттық және халықаралық маркетинг, болашақ жоба бойынша серіктестер арасындағы халықаралық ынтымақтастық идеялары және т.б.

Сонымен қатар, тыңдаушылар үшін TTУ мен университеттің бизнес-инкубаторы «Mektory-ге» экскурсия жүргізілді, ол елдің кәсіпкерлері мен университет студенттерінің инновациялық технологияларды дамыту алаңы болып табылады. Тренинг соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, осы тренинг аясында Эразмус + Welcome консорциумының жұмыс кездесуі өтті, оның шеңберінде жобаның аралық нәтижелері талқыланды, сондай-ақ оны одан әрі жүзеге асыру және тарату бойынша шаралар қабылданды.

Еске сала кетсек, WELCOME жобасы ҚММУ-де 2016 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты - халықаралық бағытты нығайту және Қазақстан мен Қытайдың жоғары оқу орындарында интернационализацияны күшейту болып табылады. Толық ақпаратты http://www.welcomeproject.net веб-сайтынан, сондай-ақ http://erasmus.qmu.edu.kz/?page_id=545 веб-сайтынан алуға болады.

0
4024

пікірлер

пікір қалдыру үшін.