Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ОҚТЕ-ні ендіру бойынша тәжірибелік алмасу

ОҚТЕ-ні ендіру бойынша тәжірибелік алмасу

15 Маусым 2018

Морфология кафедрасының  аға оқытушылары Р.Т. Карибжанова мен Г.Б Шапатова  2018 жылдың 6 маусымы мен 8 маусымы аралығында  1 курс студенттеріне оқыған пәндері бойынша қорытынды бақылауға ОҚТЕ-ні (Объективті Құрылымдық Тәжірибелік Емтихан) енгізу жөнінде  тәжірибе алмасу мақсатымен Семей қаласының мемлекеттік медицина университетіне  іскерлік сапармен  барды.

Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің анатомия кафедрасында  ОҚТЕ  

«Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының барлық үш тілде оқитын 1 және 2 курс студенттеріне жүргізіледі. Анатомия пәндері бойынша қорытынды бақылау ОҚТЕ және компъютерлік тестілеуден тұрады. ОҚТЕ  ОСӨЖ-дің соңғы сабақтарында өткізіліп, қорытынды бағаның 20%-ын құрайды және  компъютерлік тестілеу өткзілген күні импортталады. 

Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің анатомия кафедрасында  ОҚТЕ-ні алғашқы енгізген жылы  ОҚТЕ –ні  сапалы түрде меңгеру үшін аралық бақылауда  өткізілді.

Аралық бақылау билеттер бойынша ауызша түрде  қабылданып, ал тәжірибелік машықтануды ОҚТЕ түрінде жүргізді. 8 жыл мерзім ішінде ОҚТЕ үнемі  жетілдіріліп отырып,  қазіргі уақытта қорытынды бақылауда кең түрде қолданылады.

  Жалпылай келгенде, ОҚТЕ –ні анатомия пәндері бойынша  қорытынды бақылауға енгізуге болады. Бірақ, кафедра ОҚТЕ-нің өткізу әдісін жетік меңгеру мақсатында  алғашқы уақытта  аралық бақылауға, кейін қорытынды бақылауға енгізуді жоспарлап отыр.


0
4360

пікірлер

пікір қалдыру үшін.