Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-конференция

Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-конференция

30 Мамыр 2018

    Орыс тілі кафедрасының «Орыс тілі шет тілі ретінде» секциясы  РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Курск мемлекеттік медицина университеті (Ресей, Курск қ.),  Ресей Халықтар достығы университеті (Ресей, Мәскеу қ.), А.С.Пушкин атындағы Орыс тілі мемлекеттік институты (Ресей, Мәскеу қ.), «Ресей ғылым және мәдениет орталығы» Малайзиядағы Ресей ынтымақтастығы өкілеттігі (Малайзия, Куала-Лумпур қ.), Беларусь мемлекеттік медицина университетімен (Беларусь Республикасы, Минск қ.) бірге «Шет тілін және орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі: дәстүрлер және жаңартпалар» ІІІ Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-конференциясының жұмысына қатысты.

    Конференцияның барысында нәтижелі пікір алмасу болды, орыс тілін шетелдік аудиторияда оқытудың өзекті мәселелері жөнінде  мазмұнды баяндамалар оқылды.  ҚММУ орыс тілін шет тілі ретінде оқытушылары тілдерді оқытуда жаңа білімдік технологияларды, жаңартпашыл тәсілдемелерді іздеу, дамыту және енгізу, тілдік пәндерді оқытушылар арасында әдістемелік тәжірибемен және ақпаратпен алмасу, білім беру, ғылым және мәдениет салаларында халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылаумен байланысты мәселелерге ерекше қызығушылықтарын танытты. Оқытушылар Ж.С. Акишева, Н.А.Бекбалакова, Е.Р. Келлер-Дедицкая, М.М. Туткушева, Н.Ф. Юшко ағылшын тілінде оқитын шет елдерінен келген студенттерге арналған орыс тілінің оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын бейімдеу әдістемесі, орыс тілін шет тілі ретінде оқытудағы жаңартпашыл педагогикалық технологиялар, медициналық жоғары оқу орнының гуманитарлық және клиникалық кафедраларының педагогикалық тәжірибесіндегі интеграциялық үдерістер, медицина мамандықтарының аясында орыс тілін шет тілі ретінде кәсіби бағытталған оқытудың күрделі мәселелерін талқылауға белсенді қатысты. Кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Ж.С.Акишева баяндамамен сөз сөйледі.

    Конференция теорияшыл ғалымдар мен тәжірибешіл оқытушылардың әдістемелік ғылымды дамыту саласындағы, көптілділік білім беру аясындағы орыс тілін оқытуды қарқындату ісіндегі күштерін нығайтуға мүмкіндік туғызды. 


0
3986

пікірлер

пікір қалдыру үшін.