Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық: шексіз хирургия

Академиялық ұтқырлық: шексіз хирургия

30 Мамыр 2018

Қазіргі заманғы даму кезеңінде әлемдік стандарттар деңгейіне жеткізу  және ғылыми-зерттеу жұмысты жетілдіру үшін академиялық ұтқырлық білім беру сапасын арттырудың ең тиімді жолы болып табылады.

2018 жылдың 14.05-25.05 аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің №1 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі - Қайрат Танабайұлы Шакеев академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Абуали ибни Сино атындағы Тәжік Мемлекеттік Медицина Университетінің №1 хирургиялық аурулар кафедрасында 4-ші курс студенттеріне белгіленген күнтізбелік тақырыптық жоспар бойынша сабақ өткізді. Дәрістер 8 сағат көлемінде келесі өзекті мәселелер бойынша өткізілді: "Жедел аппендицит, жедел аппендициттің асқынуы", "Асқазан мен 12-иелік ішек ойық жарасының асқынуы ", "Өттас ауруы", "Жедел ішек өткізбеушілік".

Академиялық ұтқырлықтың мақсаты -  жоғары медицина оқу орындарының халықаралық интеграциясы көмегімен білім сапасын жақсарту. Осы мақсатқа толық көлемде қол жеткізілді.


0
4155

пікірлер

пікір қалдыру үшін.