Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Көру қабілеті зақымдалған балалар үшін мектеп-интернаттағы қайырымдылық акциясы

Көру қабілеті зақымдалған балалар үшін мектеп-интернаттағы қайырымдылық акциясы

30 Мамыр 2018

2018 жылдың 23 мамырында офтальмология  мен оториноларингология кафедрасының қызметкерлері  1-3 курс резиденттерімен  Қарағанды  қаласының көру  қабілеті зақымдалған  балалар  үшін №1 арнайы мектеп-интернатының мүгедек балаларына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Туа біткен  тұқым  қуалаған және көздің жатыр  ішінде  пайда  болған патологиялы 8 балаға  кеңес  берілді.

Бір  балаға Қарағанды  қаласы Көз микрохирургиясы клиникасы  жағдайында хирургиялық  емдеу  жүргізілді. Науқасты  әрі қарай бақылау жөнінде  нұсқау берілді.

Мектеп  1971 жылы 10 қыркүйекте құрылған. Мектептің негізгі міндеті –қоғамда әлеуметтік адаптацияға ықпал  ететін  компенсаторлық дағдыларды  қалыптастыру, бүтін  анализаторлардың дамуы, көру  қабілеті  бұзылған  балалардың  дамуында біріншілік  және  екіншілік  ауытқуларды  түзету, тәрбиелеу, оқыту. Сонымен қатар, дамуында  күрделі ақауы (көру және  интеллект бұзылған) бар балаларды кәсіптік білімге дейінгі даярлауды жүзеге асырады. 

Мектеп-интернаттың білім  мазмұны баланың  психофизикалық дамуы  мен тәрбиеленушілердің жеке  мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандарты  негізінде  құрылған арнайы  оқу  жоспары, бағдарламалар  мен  оқулықтар  бойынша жүзеге  асады.

Барлық түзету-білім  беру үрдісінің ортасында орналасқан тұлға – бала, ол – басты фигура. Бала үлкендер  ықпалын  әсері болатын  объект  емес, ол бірлесе  әрекеттескен ынтымақтастық пен шығармашылықтың тең құқылы субъектісі. Балалар  мен  мұғалімдердің өзара  қарым-қатынасы  сенімділік  негізінде  құрылған. Әр оқушының өзін еркін, басқалармен тең барлық  шараларға, болып  жатқан  оқиғаларға қатыса  алатынын  сезінуі, өз  қолымен әлемді  әсем, қуанышты, бақытты қылатынын түсінуі үшін барлық  жағдай жасалған.

Мектепте плеопто-ортоптикалы емдеу  кабинеті  бар, онда көру  өткірлігін  жоғарылату  мен бинокулярлы көруді өндіру  мақсатында  емдеу  жүргізіледі.

 Экономикалық, әлеуметтік  және рухани жаңаруға  арналған жағдайлар  жасалған, тәрбиеленушілер  мектепті  аяқтағаннан  кейін өмірде  өз  орнын  таба  алуы және  әлеуметтік  жағынан  құзіретті болуы үшін  дайындалған болашаққа  құрылған бағдары  бар.

  Мектеп  басшылығымен жыл  сайын көздің  асқынған  туа  біткен  патологияларының  алдын  алу  мақсатында кафедра қызметкерлерінің қайырымдылық  консультациялары  көрсетілетіні келісілді.

Офтальмология  кафедрасы


0
4331

пікірлер

пікір қалдыру үшін.