Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

30 Мамыр 2018

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 10 мамырынан бастап 22 мамырына дейін С.Ж. Асфендиярова атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 3 курс студенттеріне арналған «Балалардағы организмнің ерекшеліктері» курсы өткізілді

Академиялық ұтқырлық аясында студенттер 90 сағат көлемінде оқытылды: дәріс материалдары - 6 сағат, практикалық сабақтар - 24 сағат, СӨЖ - 30 сағат, КТК - 30 сағат. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының қызметкерлері жұмыс үшін барлық жағдайды жасады.

Жұмыс барысында дәрістер оқылды, практикалық сабақтар орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді. Әрине балалар өсуі мен дамуы заңдарына, баланың денесінің анатомиялық және физиологиялық сипаттамаларын, тексеру әдістерін және семиотиканың ауру органдар мен жүйелер мәселелерін қамтыды. Жоспарланған лекциялардың сериясы өткізілді. Балалардағы асқорыту жүйесіндегі анотомды-физиологиялық ерекшеліктер мәселелі дәрістер және дамушы ағзанын гемограммасын талдау,  сонымен қоса болашақ дәрігерлердің кәсіби қызметінде коммуникативтік дағдылар маңыздылығы тақырыбында дәріс, медицина саласындағы шиеленістерті шешуге арналған медиациялар студенттер ерекше қызығушылық танытты.  Оқушылар белсенді оқыту әдістерін пайдалана отырып, сабақ өткізуге үлкен қызығушылық танытты және мұндай жаттығулар оқу материалын оқу үрдісін жеңілдетіп, клиникалық ойлауды қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтті

Кафедра ұжымы сапардың ұйымдастырылуын жоғары деңгейде өткізді.

Мен кафедра меңгерушісі С.Х. Измаиловаға, профессор Ш.К. Батырхановқа, доцентГ.М. Әділлаеваға жеке алғысымды білдіремін.

Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында ҚазҰМУ-не бару жемісті болды, әріптестерімен тығыз ынтымақтастыққа ықпал етті. Педагогикалық ұжымның академиялық ұтқырлығын дамыту тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, педагогикалық дағдыларды жетілдіру үшін жағдай жасайды және студенттерге балалар аурулар пропедевтикасының негіздерін оқытуға бағытталған жобаларды сәтті жүзеге асырудың тұрақты негізі болып табылады.

   С.М.Кабиева

ҚММУ балалар аурулар пропедевтикасының

  кафедра меңгерушісі


0
4528

пікірлер

пікір қалдыру үшін.