Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құрметті достар!

Құрметті достар!

29 Мамыр 2018

  2018 жылдың 15 мамырында ҚММУ-де Халықаралық медицина факультетінің 2 курс студенттеріне орыс тілі курсын аяқтағаны үшін арнайы сертификаттармен марапаттау өтті. Бұл іс-шараны «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенті Мырзахметова Камиланың басшылығымен WELCOME орталығының тәрбиешілері ұйымдастырды. Осы клубтың алғашқы түлектерін халықаралық медицина факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Дулат Мұқажанұлы Досқожин құттықтап, құрмет грамоталарымен марапаттады.

  Дөңгелек үстелдің жұмысы Үндістаннан келген студенттердің орыс тілінің негізгі деңгейін меңгеруде, ересектермен және құрдастарымен қалай орыс тілінде сөйлесуге  үйретуде жеке қабілеттерін тереңдеп ашуға бағытталған. Сабақтар әртүрлі пәндік-тәжірибе негізінде өткізілді: ойындар, ән, би. Бағдарлама 1 жыл бойы аптасына бір рет 60-90 минутқа есептелген, үйірмелер тобы сенбі күндері жұмыс істеді. Бағдарламаның басым бөлігі тәжірибелік сабақтар болды.

  Бұл іс-шараның нәтижесінде шетелдік студенттер арасында ауызша орыс тілінің деңгейін жоғарылап, студенттік және оқу ортасына тез сіңісуіне ықпал етті.

  Еске салайық, WELCOME орталығы ҚММУ-дe 2017 жылдың қазан айында Эраумус + «WELCOME: жаңа халықаралық университет қауымдастығымен таныстыққа жол ашу» жобасын жүзеге асыру аясында ашылды. Орталықтың негізгі функциялары:

- шетел студенттері мен профессорларына арналған визалық қолдау;

- шетелдіктердің тұрғылықты жерін ұйымдастыру;

- келу орнынан тұрғылықты жеріне ауыстыру;

- университет қалашығына, кітапханаға (шетел студенттерінің мониторингі, кітапхана картасын, кіру картасын, Wi-Fi-ға қол жеткізу) қол жеткізу, кіру;

- тілдік курстар (орыс және қазақ тілдерінің курстары);

- мәдени іс-шаралар (Қарағанды ​​қаласы бойынша экскурсиялар, Астана, Алматы қалаларына, басқа туристік орындарға экскурсиялар);

- спорттық секциялар мен клубтар (шетелдіктердің спорттық шараларға қатысуын ұйымдастыру);

- шетелдік студенттерге арналған бағыттық кездесулер.

  Халықаралық ынтымақтастық бөлімі WELCOME орталығының барлық мәдени-сауықтыру, сүйемелдеу және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсеткен волонтерларына үлкен алғысын білдіреді. Орталықтың волонтерлерінің көшбасшысы Мырзахметова Камилаға оның тынымсыз және үздіксіз жұмысы үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Мырзахметова Камилаға алғыс ретінде іріктеу  комиссияның шешімімен шетелде оқу үшін жолдаманы ұсынып, Акакия Церетели атындағы мемлекеттік университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береміз. (Грузия, Кутаиси қ.).

  Бұдан басқа да үміткерлерді 2018-2019 оқу жылындағы WELCOME  орталығының еріктілер бағдарламасына қатысуға шақырамыз! Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз: Гоголь көшесі, 40, 331 А кабинеті.


0
4269

пікірлер

пікір қалдыру үшін.