Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Үздік түлек – 2018» республикалық байқауындағы интерндердің жеңісі

«Үздік түлек – 2018» республикалық байқауындағы интерндердің жеңісі

29 Мамыр 2018

2018 жылдың 23-24 мамыр аралығында Астана медицина университеті қабырғасында "ҚР медициналық ЖОО үздік түлегі - 2018" 15-ші  республикалық байқауы өтті. Сайысқа барлық  жоғары медициналық оқу орындарының 35 студенті қатысты.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің намысын «ҚММУ үздік интерн акушер-гинекологы» - Искра Юлия; «ҚММУ үздік интерн хирургы» - Кенжебай Әділет; «ҚММУ үздік интерн педиатры» - Сарсенбаев Касым; «ҚММУ үздік интерн терапевті» - Қаисина Әлия; «ҚММУ үздік интерн жалпы практикалық дәрігері» - Ашимова Алия; «ҚММУ үздік интерн стоматолог» - Михайлюк Анна қорғады.

Байқау үш кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде интерндер өз мамандықтары бойынша тест тапсырды, екінші кезеңде интерндер симуляциялық манекендерді қолданып, жедел жәрдем көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларын көрсетті. Үшінші кезеңде жас мамандар медицинадағы өзекті мәселелерге арқау етілген ғылыми жұмыстарды қорғады.  Байқау нәтижесі бойынша  «Ішкі аурулар» номинациясы бойынша Кайсина Әлия, «Үздік педиатр» номинациясы бойынша Сарсенбаев Касым, «Үздік хирург» номинациясы бойынша Кенжебай Әділет жеңіске жетті.

Жалпы медицина және стоматология факультеті


0
4545

пікірлер

пікір қалдыру үшін.