Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қырғыз Республикасының Жалал-Абад мемлекеттік университетіндегі академиялық ұтқырлық

Қырғыз Республикасының Жалал-Абад мемлекеттік университетіндегі академиялық ұтқырлық

28 Мамыр 2018

Жоғары оқу орнының қызметшілігінің маңызды бағыттарының бірі академиялық ұтқырлық болып табылады. Академиялық ұтқырлық сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды қалыптастыруға, білім сапасын арттыруға, білім алушылар мен профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін, олардың кәсіптік, мәдени және білімдік деңгейін жоғарылатуға ықпалын тигізеді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2018 жылдың сәуір айының 23-нен мамыр айының 5-не дейін Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің фармацевтік пәндер және химия кафедрасының профессоры, фармацевтика ғылымдарының докторы Абдуллабекова Раиса Мусулманбековна Жалал-Абад мемлекеттік университетінде болды.

Медицина факультетіндегі фармация кафедрасы медициналық-биологиялық  кафедрасының негізінде 2013 жылы ұйымдастырылған. Бұл кафедрада үздік доценттер мен оқытушылар жұмыс істейді, олардың қатарында білікті мамандарды дайындап шығарған және дайындап жүрген фармацевтика ғылымдарының кандидаты Ш.С. Бегалиев, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.М. Орозбаева, дәрілер өндірісінде, олардың сапасын қамтамасыз ету және бақылау бойынша, фармацияны ұйымдастыру және басқаруда мол тәжірибе жинақтаған Н.Х. Разыкова, А.С. Жоробаев, Т.Ж. Жусубалиев бар.

Фармация кафедрасы ашылғаннан бастап кафедраны фармацевтика ғылымдарының кандидаты Ш.С. Бегалиев басқарған. Қазіргі кезде кафедра меңгерушісі - биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.М. Орозбаева. Кафедра оқу, әдістемелік, ғылыми, тәрбие және қоғамдық жұмыстарда көптеген жетістіктерге жеткен.

Фармация кафедрасындағы оқыту әдістері ең алдымен студенттердің өздерінің белсенділігін арттыруға бағытталған. Бұндай әдістер білімді салғырт игеруден білімді шынайы кәсіби жағыдайларда белсенді түрде қолдануға өтуге мүмкіндік береді, бұл, әрине, болашақ мамандарды дайындау сапасын арттырады. Мәселен, оқытуды жетілдіру үшін кафедрада медицина факультетінің «Фармация» мамандығы бойынша студенттеріне «Фармацияны ұйымдастыру және экономикасы» пәнінің бөлімдерін оқып-игеру барысында сабақтар оқытудың инновациялық әдістерінің бірін қолдана отырып жүргізіледі, бұнда оқыту кіші топтарда жүргізіледі, осындай оқыту дәрілік құралдар айналымы аясына арнап жоғары білікті мамандар дайындауда әжептәуір маңызы бар. Бұл  әдіс студенттерге түсіну, игеру және білімін шығармашылықпен қолдану үрдістерін қарқындандыруға мүмкіндік береді. Бұл әдістің тиімділігі студенттерді білімді ету ғана емес, тікелей қолдану бойынша да үрдісіне белсендірек араластыру есебінен қамтамасыз етіледі, проблемалық жағдайды өз көзқарасымен қарау қабілетін, өз позициясын дәйектеу, басқа көзқарасқа құлақ түру және өзінің оппоненттеріне тілектестік танытуды қалыптастырады. Осының барлығы студенттің бұдан былайғы іздену белсенділігіне эмоциялық қозғау салады, оларды нақты әрекеттерге бастайды және оқытушымен сенімді қарым-қатынастың қалыптасуын арттырады.

Атап өтетін жайт, кафедраның көрнекі құралдармен жақсы безендірілуі, осының арқасында студент кафедраға келе сала фармация әлеміне енеді.

Абдуллабекова Раиса Мусулманбековна дәстүрлі дәрілік қалыптардың технологиясы, биофармация, дәрілік қалыптардың жаңа буындары және дәрілер технологиясының даму келешегі бойынша шолу дәрістерін өткізді. Дәріс оқу барысында мультимедиялық проектор арқылы таныстырулар қолданылды.

Р.М. Абдуллабекованың дәрістері жаңалығымен, тақырыптарының өзектілігімен, материалды баяндау тартымдылығымен, кері байланысты қамтамасыз етуімен, дәріс мәтінінің бірізділігімен ерекшеленеді.

Дәрістердің таныстырылымы суреттермен, сызбалармен, диаграммалармен қамтамасыз етілген. Дәріс барысында интерактивтік әдістер қолданылды.

Р.М. Абдуллабекова кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының бағытын анықтау және кафедра қызметкерлеріне кандидаттық диссертациялар жоспарлау бойынша кеңес беру жұмыстарын атқарды.

Жалал-Абад мемлекеттік университетінің басшылығы профессор Абдуллабекова Раиса Мусулманбековнаның еңбегін жоғары бағалады.

Жалал-Абад мемлекеттік университетінің

фармация кафедрасының меңгерушісі,

б.ғ.к., доцент Ж.М,Орозбаева 


0
3790

пікірлер

пікір қалдыру үшін.