Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ТАШКЕНТ ПЕДИАТРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

ТАШКЕНТ ПЕДИАТРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

23 Мамыр 2018

2018 жылдың 30 сәуір мен 9 мамыр аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының оқытушысы ассистент Г.Е. Насакаева  академиялық ұтқырлық бойынша ТашПМИ балалар жұқпалы аурулары кафедрасында  болды.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының негізгі базасы  Ташкент қалалық №5 жұқпалы аурулар ауруханасы   аймағында және қосымша базасы Ташкент қалалық №4  балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, Ташкент қалалық №1 жұқпалы аурулар ауруханасы аймағында орналасқан. Кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Б.М.Таджиев басқарады, сонымен қатар ол қосымша факультет деканы болып табылады. Кафедрада оқу жұмысы мына бағыттар бойынша жүргізіледі: вирусты гепатиттердің емі және ерте диагностикасы; бактериялық және вирусты этиологиялы жедел  ішек инфекциялары;  экзантема синдромымен өтетін аурулар.

ТашПМИ кафедрасында балалар жұқпалы аурулары сабақтары «Балалар жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша магистранттарға, педиатрия факультетінің 5, 6, 7 курс студенттеріне өзбек, орыс және ағылшын тілінде жүргізіледі.

  ТашПМИ  балалар жұқпалы аурулары кафедрасы орналасқан бес клиникалық жұқпалы аурулар базасының құрылымы, құжаттары және жұмыс әдістемелері ұсынылды. Кафедра жиналысында мені ТашПМИ  балалар жұқпалы аурулары кафедрасының құжаттарын жүргізу ережелерімен таныстырды: КТЖ, интерактивті оқыту әдістері, оқу журналдары және т.б.

Академиялық ұтқырлық барысында менімен студенттерге 2 кредит – 54 сағат көлемінде оқыту шаралары жүргізілді. Оның ішінде: 4 сағат дәріс оқылды, 33 сағат көлемінде тәжірибелік сабақ жүргізілді, СОӨЖ - 17 сағат жүргізілді. Кафедра қызметкерлеріне  жақсы  жұмыс жасауға қолайлы жағдайлар жасалды.

Оқыту және тәжірибе алмасуды жақсарту үшін ҚММУ оқытушылары таныстырылым  түрінде мәселелі дәрістер оқыды: «Баспа синдромымен жүретін аурулар», «Бөртпе синдромымен жүретін аурулар», «Диарея синдромымен жүретін аурулар», «Ауруханаішілік инфекция», TBL, CBL белсенді  оқыту әдістері қолданылып тәжірибелік сабақтар жүргізілді.

Жүргізілген дәрістік және тәжірибелік сабақтардың қорытындысында студенттер тарапынан оң пікірлер айтылды. Студенттердің ойынша белсенді  оқыту әдістері (TBL, CBL) оқу материалдарын меңгеруді, түсінуді және бекітуді жеңілдетеді. Сонымен қатар, TBL және CBL клиникалық мәселелерді шешеді, коммуникативті дағдыларды, алынған теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданып топтық түсінушілік дағдыларын үйретеді.

ПМҚ академиялық ұтқырлығының дамуы кәсіби маманды дайындауда халықаралық нарықтың қолдауы болып табылады. Қазақстанның білімінің ерекшелігін ескере, басқа мемлекеттердің тәжірибесін қолдана отырып, бірлескен білім бағдарламасы мен жобасын ендіру қажет. Академиялық ұтқырлық тәжірибе алмасуға, білім дағдыларын жақсартуға, педагогиялық шеберлігі мен білім сапасын жақсартуға, педагогикалық шеберлік пен тұлғалық өсуін жетілдіруге мүмкіндік береді.

ТашПМИ болған уақытта жылы қарсы алғаны және жан-жақты қолдағаны үшін ТашПМИ ректоры, м.ғ.д., профессор Даминов Ботир Тургунпулатовичқа, халықаралық байланыс бөліміның бастығы Нурходжаев Сабир Насирходжаевичқа, м.ғ.д., профессор Таджиев Ботир Мирхашимовичқа, сонымен қатар  балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценттеріне, ассистенттеріне ерекше алғыс білдірілді.

Г.Е. Насакаева, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті,

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті (ҚММУ, Қазақстан)


0
3907

пікірлер

пікір қалдыру үшін.