Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Демікпе мектебі

Демікпе мектебі

22 Мамыр 2018

Дүние жүзі бойынша шамамен 300 млн адам бронхиалды демікпемен зардап шегеді. Көптеген дамып келе жатқан елдердің барлық жастағы адамдарын қамтитын денсаулық сақтау саласындағы ғаламдық мәселе болып табылады. Аурулардың өзінің сырқаты туралы мағлұматсыздығы, өзін-өзі бақылау дағдыларының болмауы, дәрілік заттарды дұрыс қолдана алмауы сырқатты жеңуде  орасан зор кедергі болып табылады, ол өз кезегінде сырқаттың жиі өршуіне, ауруханада жиі емделуіне, жедел жәрдем қызметін жиі шақыруына және өмір сапасының төмендеуіне алып келеді. Бронхиалды демікпе емінің тиімділігін арттырудың бір жолы демікпе мектебі болы табылады.

2018 жылдың 17 мамырында облыстық аллергологиялық орталық базасында иммунология және аллергология кафедрасы мен «Аллергология және иммунология, оның ішінде балалар» мамандығының бірінші жыл резиденттерімен бірге алғаш рет орталықтандырылған «Демікпе мектебі» ұйымдастырылып өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – науқастарды бронхиалды демікпемен өмір сүруді үйрету, демікпенің себептері мен даму механизмдерімен таныстыру, ағымын бақылау дағдыларына машықтану (өзін-өзі бақылау күнделіктері, пикфлоуметрия), ингаляциялық дәрілік заттармен қолдану техникасын түсіндіру. Демікпе мектебінің тыңдаушылары тек медициналық білім алып қана қоймай демікпенің симптомдарын жеңілдететін, асқыныстарының алдын алатын әдістердің бірі - Стрельников бойынша тыныс алу гимнастикасын меңгерді.

Сонымен қатар, науқастар осы сырқаттан айығу жолындағы психологиялық кедергілерді жеңу, толыққанды өмір сүру үшін психологиялық тренингтер жүргізілді.

Қорытындылай келе, демікпе мектебін жүргізу бронхиалды демікпе туралы түсінік беріп қана қоймай, осы патологияның медициналық аспектілерін қозғап, науқастардың психоэмоционалды жағдайын жақсартады және әлеуметтік белсенділік артуына үлес қосады. Демікпе мектебі жүйелі түрде – облыстық аллергологиялық орталықта әрбір үшінші бейсенбі күні сағат 17:00 жүргізіліп отырады.

Иммунология және аллергология кафедрасы

А. С. Барменова

С. Т. Исина

А. С. Куликбаева

 Аллерголог-иммунолог резиденттер


0
3620

пікірлер

пікір қалдыру үшін.