Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық ғылымдардың 17 – ші Халықаралық конгрессі

Медициналық ғылымдардың 17 – ші Халықаралық конгрессі

22 Мамыр 2018

2018 жылдың 10-13 мамыры аралығында Болгария елінің София қаласының София Медициналық Университетінде Медициналық ғылымдардың 17- ші Халықаралық  конгрессі. Конгресске Болгария, Ұлыбритания, Германия, Сербия, Пакистан, Украина, Литва, Түркия, Индонезия, Япония, Косово, Босния және Герцеговина, Греция, Португалия және тағы басқа елдерден келген 560 медициналық университетінің студенттері мен жас мамандары қатысты. Ғылыми зерттеулердің презентациясы 4 секцияда өткізілді: терапия, хирургия, қоғамдық денсаулық сақтау және іргелі медициналық ғылымдар. Ұйымдастырушылар қатысушыларға 40-тан астам мастер-класс және жетекші ғалымдардың 4 лекциясын ұсынды. Өткізілген лекциялардың тақырыбы: «Медициналық прогресс рухани құндылықтың құрбандыққа шалуы ма?» (профессор Фердинанд Вальденбергер, Германия), «Комлексті бет сүйектерінің реконструкциясы және 3Д жоспарлауы» (профессор Николай Янев, Болгария), «Жатыр трансплантациясынан кейінгі босану» (профессор Ранда Акури, Швеция), «Балалар хирургиясы – әлемдегі ең керемет мамандық» (доктор Росс Фишер, Ұлыбритания), «Жасуша бөлінуінің қатерлері» (медицина және физиология аймағында Нобел лауреаты, сэр Тим Хант, Ұлыбритания).

ҚММУ атынан 7-ші курстың хирург-интерні Аманжолова Динара «Survival in patients with HER-2/neu-positive and triple-negative breast cancer» атты жобасымен қатысты. Ғылыми жетекшісі Онкология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылыми докторы В.Б. Сирота. Конгресстің нәтижесі бойынша Аманжолова Динара Хирургия секциясында өзінің постері презентациясымен 3 орынды иеленді.

Осындай халықаралық конгресске қатысуға мүмкіншілік берген үшін ҚММУ ректоры Р.С. Досмағамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры А.А.Турмухамбетоваға, онкология кафедрасының меңгерушісі В.Б.Сиротаға алғыс айтамын.

Д.Аманжолова

711 топ интерні


0
3411

пікірлер

пікір қалдыру үшін.