Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Баку қ. "Медицинаның маңызды мәселелері" және "Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау саясаты бойынша спутниктік форум» аттыVII Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы

Баку қ. "Медицинаның маңызды мәселелері" және "Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау саясаты бойынша спутниктік форум» аттыVII Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы

17 Мамыр 2018

2018 жылдың 2-3 мамыр аралығында Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласында "Медицинаның маңызды мәселелері" және "Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау саясаты бойынша спутниктік форум» атты VII  Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты Әзірбайжан және шет елдердің жас дәрігерлерінің біріктірген жұмысына ықпал ету болып табылады. Конференцияны "Әзірбайжан Жас Дәрігерлері" Қоғамдық ұйымы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Нижегород мемлекеттік медициналық академиясы және Харьков ұлттық медициналық университетінің ресми әріптестігі арқасында ұйымдастырды.

Конференцияға Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің студенттері, интерндері, магистранттары және докторанттары қатысты.

Іс-шара нәтижесі бойынша студенттер арасындағы байқауда жалпы медицина және стоматология факультетінің 3-курс студенті Саипов Дамир «Effect of smartphone devices overuse by medical university students of Karaganda in relation to clinical status of hand» баяндамасы үшін жас ғалымдар арасындағы ғылыми - зерттеу жұмысының үздік дизайны үшін І орын марапатына ие болды; жалпы медицина және стоматология факультетінің 5 курс студенттері Мунтаева Карина "Роль содержания метаболитов оксида азота в крови при осложненных формах язвенной болезни желудка и двенадцатиперстной кишки" баяндамасы үшін және Макаева Гульжан "Оценка DAI-индекса у 12-летних детей г. Караганды" баяндамасы үшін жас ғалымдар арасындағы ғылыми - зерттеу жұмысының үздік дизайны үшін ІІ орынға ие болды; жалпы медицина және стоматология факультетінің 3-курс студенті Саттаров Алихан " Влияние газированных напитков на водно-электролитный баланс" баяндамасы үшін ғылыми – зерттеу жұмысты әзірлеуде жасампаз тәсілдеме үшін байқауда III орынға ие болды. Интерндердің арасындағы байқауда 7 курстың интерн акушер - гинекологі Азизова Эмиля "Психологическая и физиологическая подготовка женщин в период беременности" баяндамасы үшін жас ғалымдар арасындағы ғылыми - зерттеу жұмысының үздік дизайны үшін І орынды иеленді. Конференцияға қатысушылардың барлығы қатысқаны туралы сертификаттар алды.

Конференцияға қатысушылар ҚММУ басшылығы ректор, профессор Р.С. Досмағамбетоваға халықаралық деңгейдегі конференцияда университеттің намысын қорғауға мүмкіндік бергені үшін, балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі С.Т. Тулеутаеваға, А.Г. Жармагамбетованың басшылығымен балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасының ғылыми үйірмесіне, патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі С.Б. Жаутиковаға, Г.Б. Койшигаринаның басшылығымен патологиялық физиология кафедрасының ғылыми үйірмесіне, №1 хирургиялық аурулар  кафедрасының меңгерушісі К.Т. Шакеевке, СҒЗж-на жауапты М.М. Жанасоваға, акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі И.Л. Копобаеваға алғыс айтады.

Макаева Гульжан, Мунтаева Карина, Саипов Дамир

жалпы медицина және стоматология факультетің студенттері


0
3737

пікірлер

пікір қалдыру үшін.