Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түркістан қаласындағы Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегi академиялық ұтқырлық

Түркістан қаласындағы Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегi академиялық ұтқырлық

17 Мамыр 2018

23-сәуір мен 5 мамыр аралығында жалпы хирургия және травматология кафедрасының ассистенті Абенов Дастан Ерболович Түркістан қаласындағы Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тәжірибе жинады.

Медициналық факультетте «Хирургиялық аурулар» кафедрасында 4 курс студенттеріне «Травматология» пәні бойынша сабақ жүргізілді. Теориялық және практикалық сабақ барысында студенттердің білім деңгейі жоғары екендігі анықталды. Медициналық факультеттің студенттері күн сайын белсенді практикадан өтеді, атап айтқанда түнгі кезекшіліке қалып, қарапайым қиын емес медициналық операциялық манипуляциялар жасайды, өйткені университет пен клиника бір ғимаратта орналасқан. Университеттің көрнекті жерлерін көрсетiп, экскурсия жасалынды, музей, тәжірибелік дағдылар орталығы қаралды. Әсіресе 4 қабатты үлкен кітапхана қатты ұнады, онда компьютерлер, көптеген медициналық әдебиеттер және  жекеленген дыбыс өткізбейтін бөлмелер, асхана бар. Клинико-диагностикалық орталықта травматология және хирургия, нейрохирургия бөлімшелерінен құралған, сондай-ақ, университетте өзінің меншік үлкен театры бар. Х. А. Яссауи университетіне дәрістер мен презентациялар жасап жиі Түркиядан дәрігерлер мен ғалымдар келеді.

Жұмыстан тыс уақыт аралығында Түркістан қаласының тарихи ғимараттары мен көрікті орындарын барып қарауға мумкіншілік болды.

Х.А. Яссауи университетінің профессорлық-оқытушылар қауымына мені жылы қарсы алғаны үшін, кәсіби тәжірибемен алмасқаны үшін өте үлкен алғысымды білдіремін.

Түркістан қаласына барып келуге ат салысқан және өзара қызықты тәжірибе алмасуыма ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға және халықаралық ынтымақтастық бөліміне алғысымды білдіремін.

Д.Е. Абенов,

  жалпы хирургия және травматология кафедрасының ассистенті.

0
4473

пікірлер

пікір қалдыру үшін.