Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылыми тәжірибе

Ғылыми тәжірибе

17 Мамыр 2018

Мамыр айының 3-5 күндері аралығында Молдованың медицина жастарының ассоциациясы (IFMSA-Moldova) Николай Тестемицану атындағы Мемлекеттік медицина және фармакология университетінің қолдауымен Кишинев қаласында «MedEspera-2018» атты Халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Бұл шараға 17-ге жуық мемлекеттер, яғни Молдовадан, Швециядан, Германиядан, Грузиядан, Румыниядан, Италиядан, сонымен қатар Қазақстаннан 700-ден астам жас дәрігерлер мен студенттер өздерінің ғылыми жұмыстары мен постерлерін баяндауға қатысты.

Осы шараға қатысқандар өздерінің баяндамаларын қорғап қоймай, Ұлыбритания, Германия және Молдовадан келген шетелдік оқытушылар, дәрігерлер мен профессорлар оқыған лекцияларға белсене қатыса алды. Сонымен қатар, Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы беделді симуляционды орталық болып саналатын Университеттің симуляционды медицина оқыту орталығында студенттер әр түрлі тақырыптарда өткізілген тренингтерге қатысуға мүмкіндік болды.

  Николай Тестемицану атындағы Мемлекеттік медицина және фармакология университетінің ректорымен жеке танысуға мүмкіндік туып, шетелден келген студенттермен бірге өз елдеріміздегі медициналық білім беру, денсаулық сақтау жүйелері және медицина жастарының ұйымдары туралы сөз қозғадық.

Осыған орай ҚММУ басшылығы мен ректор, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына бұл шараға университет атынан қатысу мүмкіндігін бергені үшін алғысымды білдіремін!

Кабдуллина Кымбат

"Педиатрия" бағыты бойынша 6-022 топ студенті


0
3897

пікірлер

пікір қалдыру үшін.