Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті(Якутск, Саха Республикасы) делегациясының сапары

М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті(Якутск, Саха Республикасы) делегациясының сапары

15 Мамыр 2018

2018 жылдың 25 сәуір күні Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетіне М.К. Аммосов атындағыСолтүстік-Шығыс федералдық университетінен (Якутск, Саха Республикасы): жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мен прифориентация факультетінің деканы Федорова Светлана Васильевна және жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мен прифориентация факультетінің білім беру мекемелерімен өзара ынтымақтастық орталығының бас маманыОбутова Аксиния Дмитриевна бастаған делегация сапармен келген болатын.

Делегацияның келу мақсаты ҚММУ-нің 6, 7 курс интернатура студенттерімен резидентура бағдарламалары бойынша оқу үшін бюджеттік орындарды ұсынуға арналған үгіт-насихат кездесуі болды. Делегацияның интернатура студенттерімен кездесуі 329 аудиториядаөтті.  Сондай-ақ Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университеті мен М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті арасында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша студенттік алмасу саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойылды.

Сапар аясында қонақтар ҚММУ тарихының мұражайымен, Халықаралық ынтымақтастық бөлімімен, ҚММУ жалпы медицина және стоматология факультетімен таныстырылды. Қонақтар Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы С.Б. Қасымовамен, сонымен қатар жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы В.Б. Ташкенбаевамен, жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары С.Ш. Шарапиевамен кездесті.


0
3857

пікірлер

пікір қалдыру үшін.