Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дебрецен университетінің(Венгрия) профессоры Питер Борбелидің ҚММУ-не келуі

Дебрецен университетінің(Венгрия) профессоры Питер Борбелидің ҚММУ-не келуі

15 Мамыр 2018

2018 жылдың 23 сәуірінен 5 мамырына дейін Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетіне Дебрецен университетінің (Венгрия) профессоры Петер Борбели келген болатын.

Сапар барысында профессор студенттерге дәрістер оқыды және ҚММУ-нің бала жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология  кафедрасында практикалық сабақтар өткізді, сонымен қатар тәжірибе алмасып, оқытушылармен достық қарым-қатынас орнатты.

Профессор ҚММУ-нің ректоры Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетовамен кездесті. Раушан Сұлтанқызы профессорға Қарағанды ​​облысында орналасқан ГУЛАГ-тың ең үлкен түзету еңбек лагерінің бірі болған «Карлаг» түзету-еңбек лагерінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кітабын сыйға тартты.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі профессорға ҚММУ-нің практикалық дағдылар орталығына, Анатомия мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Сондай-ақ, профессор Қарлаг мұражайына барып қайтты.

Болашақта ҚММУ Венгрияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. 


0
3481

пікірлер

пікір қалдыру үшін.