Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Нейропатиялық ауырсыну және бұлшықеттердің тырысуы» халықаралық мастер-классы.

«Нейропатиялық ауырсыну және бұлшықеттердің тырысуы» халықаралық мастер-классы.

14 Мамыр 2018

2018-жылдың 16-19 сәуіріндеОМО клиникасындағы ҚММУ нейрохирургияжәне неврологиякфедрасындаЛион университетінің нейрохирургия профессоры Marc P. Sindouқатысуымен«Нейропатиялық ауырсыну және бұлшықеттердің тырысуы» тақырыбында мастер-класс өтті. Лион университетінің профессоры Marc P. Sindou «Мойын аймағының ауырсыну синдромы кезіндегі хирургия DREZ» операция әдісі туралы, «Spastic diplegia in CP children for Dorsal Rhizotomy», «Spastic upper limb in hemiplegic for cervical Drezotomy». Разбор операции, «Spastic foot in hemiplegic for Tibial nerve neurotomy»  и Spastic hand in  hemiplegic for Median Ulnar neurotomies әртүрлі лекциялар оқыды,бейне баяндамалар көрсетті. 

Бұл іс-шара Қарағанды аймағының дәрігерлері – нейрохирургтардың, невропатологтардың, 1-2 жыл оқитын нейрохирург және невролог резиденттердің қатысуымен өтті.

 «Мойын аймағының ауырсыну синдромы кезіндегі DREZ хирургия», «Бұлшықеттің тырысуы кезіндегі селективті дорзалді ризотомия»,  «Бел аймағының тырысуы кезіндегі DREZ хирургия», «Тибиалды жүйкенің тырысуы кезіндегі нейротомия» тақырыбтарына байланысты хирургиялық әдістер көрсетілді.

Мастер-класста профессор Marc P. Sindou дәрігер нейрохирургтарға, невропатологтарға және резиденттерге ауырсынудың пайда болуымен қоса жоғарғы мойын аймағының және бел аймағының жұлын бөліктерінің патологиясында Drez-хирургия,  селективті дорзалды ризотомия, тибиалды жүйкенің нейротомиясы кезіндегі жаңа технологиялық әдістер туралы 3 көрсетілім операцияларын өткізді.

Диагностикалық пен клиникалық зерттеу нәтижелеріне және хрургиялық әдістерін таңдауына тындаушылар өз пікірлерін білдірді. Қазақстан Республикасында бекітілген мойын, бел патологиясындағы нейропатиялық ауырсыну және тырысуы кезіндегі диагностика және емдеу хаттамасы кеңінен қолданылды.

Өткізілген мастер-класстың қорытындысы нейропатиялық ауырсыну және тырысу кезіндегі заманауи жаңа оперативті әдісті қолдану болды.

Мастер-класстың қорытындысында барлық қатысушыларға сертификат таратылды.

Нейрохирургия және неврология кафедрасының меңгерушісі Турсынов Н.И.


0
4135

пікірлер

пікір қалдыру үшін.