Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Солтүстік мемлекеттік медицина университетінде Арктикадағы болашақ медицинаның мәселелері талқыланды

Солтүстік мемлекеттік медицина университетінде Арктикадағы болашақ медицинаның мәселелері талқыланды

10 Мамыр 2018

  2018 жылдың 25 сәуірінде «Болашақтың медицинасы – Арктикаға» Халықаралық V жастар медициналық форумы Солтүстік мемлекеттік медицина университетінде өз жұмысын бастады, оның ішіне жас ғалымдар мен студенттердің  дәстүрлі XI Архангельск халықаралық медициналық ғылыми конференциясы кірді. Форумның басты мақсаты - жас ғалымдар мен студенттерге ғылыми идеялармен, тәжірибелермен алмасуға, өздерін және туындыларын ұсынуға мүмкіндік беру. Бұдан басқа болашақ және жас дәрігерлерге  - бұл баға жетпес тәжірибе үйренудің жақсы мүмкіндігі.

  Солтүстік мемлекеттік медицина университетінің ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры  С.И. Малявская өз сөзінде: «Солтүстік мемлекеттік медицина университетінің орналасуы негізінен ғылыми зерттеулердің векторын анықтады. Арктика тақырыбына байланысты проблемалар университеттің ғылыми дамуында және зерттеуінде жетекші орын алады».

  XI Архангельск халықаралық жас ғалымдардың ғалымдар мен студенттер ғылыми конференциясының жұмысы шеңберінде 28 тематикалық симпозиумдар өтті, «Стоматология мәселелері» симпозиумында жалпы медицина және стоматология факультетінің 4 курс студенті Копбаева Наргиз «Стоматологиялық денсаулықты өзін-өзі бағалау» тақырыбы бойынша баяндама оқыды (ғылыми жетекшісі м.ғ.к., доцент С.Т. Тулеутаева, бірлескен автор жалпы медицина және стоматология факультетінің 5 курс студенті Р. Гарифуллина).

  Қазіргі заманғы жұмыс түрлері, вебинарлар, мастер-кластар, практикалық дағдыларды игеру, көрме кабиналары, экскурсиялар және тағы басқа заманауи жұмыс түрлері ұйымдастырылды.

  2018 жылдың 26 ​​сәуірінде форум жұмысы мастер-класс форматында жалғасты. Ғалымдар өздерінің тәжірибелерімен, білімдерімен, соңғы инновациялық әзірлемелерімен бөлісті. Форум жұмысының шеңберінде М.В. Ломоносовты еске алуға арналған бесінші ғылыми-тәжірибелік конференция ағылшын тілінде өтті.

  Біздің университетіміздің ректоры, профессор Р.С Досмағамбетоваға, жалпы медицина және стоматология факультетінің деканатына,  балалар стоматологиясы және хирургиялық стоматология кафедрасына, студенттік ғылыми ұйымына, «Болашақтың медицинасы - Арктикаға» V-ші Халықаралық  Жастар Медициналық Форумына қатысу мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.

Копбаева Наргиз, «Стоматология» мамандығының 4 курс студенті

Гарифуллина Рузиля, «Стоматология» мамандығының 5 курс студенті


0
3583

пікірлер

пікір қалдыру үшін.