Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бұхара мемлекеттік медициналық институтындағы академиялық ұтқырлық

Бұхара мемлекеттік медициналық институтындағы академиялық ұтқырлық

04 Мамыр 2018

  Академиялық ұтқырлық аясында 2018 жылдың 16.04 мен 27.04 аралығында  мен, фтизиатрия кафедрасының  доценті  Ж.Мутайхан, Бұхара мемлекеттік медицина институтында «фтизиатрия» пәні бойынша  емдеу ісі факультетінің 4 курс студенттеріне сабақ жүргіздім. Осы аралықта  мен фтизиатрия кафедрасының базасымен және кафедраның оқу құжаттарымен таныстым. Тақырыптық жоспарға сәйкес, ошақты,инфильтративті,  деструктивті  туберкулез формаларының проблемалары жайлы лекция оқыдым. Тәжірбиелік сабақтарды жүргізу барысында TBL мен CBL сияқты белсенді оқыту тәсілдерін қолдандым.  Кафедраның оқыту құрамымен сабақ жүргізудің белсенді әдістері егжей-тегжейлі талқыланды.“Туберкулездің патогенезі және классификациясы” ашық дәрісіне фтизиатрия кафедрасына жауапты Б.Р.Муаззамова  қатысты.

Сонымен қатар, кафедраның тәжірибелік дағдыларын меңгеру бойынша оқу орталықтарын және Бұхара қаласының туберкулезғе қарсы диспансердің ақпаратты-ресурстық орталықтарын араладым. Бұхара ММИ ректоры Л.Ш Иноятовтың қабылдауына қатысып, Бұхара ММИ (Өзбекстан) және ҚММУ (Қазақстан) арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жоспарлауы туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатыстым.

Бұхара ММИ қызметкерлері мен үшін каланың көрікті, тарихи және сәулет ескерткіштеріне саяхат ұйымдастырды. Қабылдаушы ел алмасу бағдарламасы кезінде маған жеке және академиялық қолдауды жоғары деңгейде ұйымдастырды. Мен ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Досмагамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық  жөніндегі ректор А.А. Тұрмухамбетовага, жалпы медицина және стоматология деканы В.Б.Ташкенбаеваға, туберкулез кафедрасының меңгерушісі Н.С.Тәбрізге және де халықаралық бірлестіқтің барлық  қызметкерлеріне сапар ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыс білдіремін.

   Ж.Мутайхан

  Фтизиатрия кафедрасының доценті.


0
3660

пікірлер

пікір қалдыру үшін.